Ертегідегі шалқанды кім екті

Білім беру қызметінің бағыты

Білім беру салалары

  • Таным
  • Қатынас
  • Шығармашылық

Бөлімдері

  • Қарапайым математика
  • Сөйлеуді дамыту
  • Жапсыру

Пән аралық байланыс

Математика, сөйлеуді дамыту, жапсыру, қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаттары

Білімділік

Балалардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, сөздерді анық айтуға және есте сақтау қабілетін дамыту.

Дамытушылық

Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету; сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын сәйкестендіріп ойнауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Балаларды ұқыптылыққа, адал достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • 1 Көрсету
  • 2 Түсіндіру
  • 3 Айту
  • 4 Сұрақ-жауап
  • 5 Қайталау
  • 6 Мадақтау

Көрнекілік және сөздік жұмыс

Көрнекілік

Топ бөлмесі орман көрінісі ретінде безендіріліп, ертегідегі үйшік қойылады.

Сөздік жұмыс

Үйшік.

Билингвальді компонент

Ертегі — сказка

Үйшік — теремок

Қоян — заяц

Түлкі — лиса

Қасқыр — волк

Аю — медведь

Бақа — лягушка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасады. Тәрбиеші балаларды ертегілер еліне саяхатқа шақырады:

Ертегілер еліне
Қонақ болып барайық.
Үлкен-кіші барлығына
Амандасып алайық.
Кейіпкерлер тапсырмасын
Орындап бір жанайық.

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік

Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақ-жауап жүргізіледі (мысалы, «Шалқан» ертегісі бойынша):

Сұрақтар

  • Ертегідегі шалқанды кім еккен?
  • Ата мен әже көмекке кімді шақырған?
  • Шалқанды тартуға ең соңғы көмекке не келген?

Балалардың жауабы

Соңғы көмектескен — тышқан. Тәрбиеші балаларды дұрыс жауаптары үшін мадақтайды.

Балалар білетін ертегілер

«Шалқан», «Мақта қыз бен мысық», «Жеті лақ», «Шұбар тауық», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Үш аю», «Етік киген мысық», «Үйшік».

Таңғажайып сәт: ханшайымның хаты

Есік қағылып, топқа хат жеткізіледі. Тәрбиеші хатты оқиды:

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ертегі әлемінің ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендер бірнеше тапсырманы орындауларың керек».

Балалар тапсырмаларды орындауға келіседі. Тәрбиеші бәрін «сиқырлы кілемге» отырғызып, ертегілер еліне сапарға шығарады (әуен қосылады).

Қуаныш пен қызықтан арылмайық,
Жүгіріп, секіруден жаңылмайық.
«Үйшік» деп аталатын ертегіде
Кейіпкерлер тапсырмасын орындайық.

Сахналау: «Үйшік» ертегісі

Тәрбиеші ертегіні бастайды: «Ерте, ерте, ертеде орманда бір үйшік болыпты…». Балаларға кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнау ұсынылады.

Жұмбақ

Өзі егін екпейді,
Егістен ұзап кетпейді.
Диқанның тұқымын шашпай кетпейді,
Қарыны тоқ, қайғысы жоқ.
Мысық қуса жеткізбейді.

Жауабы: тышқан.

Кейіпкердің сөзі

Мен тықырлауық тышқанмын,
Өз інімнен шыққанмын.
Дос іздеймін өзіме,
Тату болам өзіңмен.

Тышқан үйшікті көріп: «Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кім тұрады?» — деп сұрайды.

Үйшік тапсырмасы

Сол сәтте үйшіктен дауыс естіледі: «Менің тапсырмамды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады!»

Автор туралы мәлімет

Орналасқан жері

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Ақтоғай бекеті.

Білім беру ұйымы және тәрбиеші

№3 «Ақтоғай» балабақша-бөбекжайы, тәрбиеші: Мурумбаева Жанар Аманжолқызы.