Даналық ағашы
Сабақ туралы
Тақырыбы
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы және мода тақырыптары бойынша есептер шығару.
Мақсаты
- Өткен тақырыптар бойынша алған білімді жинақтау және тиянақтау.
- Оқушыны мұқият тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге және өз білімін көрсетуге үйрету.
- Ойлау және еңбек ету қабілеттерін дамыту, ұқыптылық пен жинақтылыққа тәрбиелеу.
Өту әдістері
Түрі және көрнекілігі
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, «даналық ағашы», үлестірме материалдар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Мақсат — назарын сабаққа шоғырландыру және жұмыс ырғағын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№1269 (1,2) тапсырмалары тексеріледі. Есептеу мен түрлендірудің дұрыс орындалуына назар аударылады.
1-есеп
1) (11,8 − y) · 2,9 = 18,473 11,8 − y = 18,473 : 2,9 11,8 − y = 6,37 y = 11,8 − 6,37 y = 5,43 Тексеру: (11,8 − 5,43) · 2,9 = 18,473
2-есеп
2) (3,2y − 13,78) · 6,8 = 187 3,2y − 13,78 = 187 : 6,8 3,2y − 13,78 = 27,5 3,2y = 27,5 + 13,78 3,2y = 41,28 y = 12,9 Тексеру: (3,2 · 12,9 − 13,78) · 6,8 = 187
«Даналық ағашы» сұрақтары
- Санның арифметикалық ортасы дегеніміз не?
- Өзгеріс ауқымы дегеніміз не?
- Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан қалай аталады?
- Мына сандардың модасын табыңдар: 1,3; 0,4; 5; 3; 0,4; 2; 5.
- 10 және 12 сандарының арифметикалық ортасын табыңдар.
III. Негізгі бөлім: «Бақытты сәт»
I кезең: Бой сергіту
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Жауап қысқа, нақты және дәл болуы тиіс.
1-топ сұрақтары
- Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?
- Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
- Шаршы дегеніміз не?
- 2-ге қандай сандар бөлінеді?
- Жай сандар дегеніміз не?
- Радиус дегеніміз не?
- Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады?
- Аликвоттық бөлшектер дегеніміз не?
- Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысы үлкен?
- 10 дм-де қанша мм бар?
2-топ сұрақтары
- Теңдеу дегеніміз не?
- Тік төртбұрыштың периметрі неге тең?
- Үшбұрыш дегеніміз не?
- 9-ға қандай сандар бөлінеді?
- Құрама сандар дегеніміз не?
- Диаметр дегеніміз не?
- Бөлшектің алымы мен бөлімін 1-ден өзге ортақ бөлгішке бөлу қалай аталады?
- Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
- Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысы үлкен?
- 10 см-де қанша мм бар?
II кезең: «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
- Әлібек бір сан ойлады. Сол санды 2,5 есе кемітіп, нәтижесінен 18,25 санын азайтқанда 13,95 шықты. Әлібек қандай сан ойлады?
- Данияр аулаған балықтарын жеке-жеке өлшеді: 1,2 кг; 3,24 кг; 1,9 кг; 2,16 кг; 2 кг. Бір балықтың орташа массасы қанша килограмм?
- Машина бір күнде 8,5 га жерге картоп отырғызды. 102 га жерге неше күнде картоп отырғызады?
- 6,4 пен 2,9 санының көбейтіндісін 4,8 бен 1,6 санының айырмасына бөліңдер.
- Ұзындығы 3,2 см, ені 1,7 см тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
- 6,3; 0,6; 7; 15,9 сандарының өзгеріс ауқымы неге тең?
- 2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3; 2,1 сандарының модасы неге тең?
- Есептеңіз: 7,389 : 0,01.
III кезең: «Жұмбақ тас» (логикалық есептер)
Топтық тапсырмалар (нұсқа 1)
- 5 пен 7 сандарының арифметикалық ортасы неге тең?
- Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, қанша бұрыш қалады?
- Қандай бөшкеге су құюға болмайды?
Топтық тапсырмалар (нұсқа 2)
- Қосындысы 12-ге, ал көбейтіндісі 35-ке тең өзара жай сандарды атаңдар.
- Қатар тұрған натурал үш санның қосындысы және көбейтіндісі 6-ға тең. Бұл қандай сандар?
- Бөлмеде 4 мысық бар. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан. Бөлмеде барлығы қанша мысық бар?
IV кезең: «Сен — маған, мен — саған»
Әр топ үйден дайындап келген тапсырмаларын (сөзжұмбақ немесе ребус) бір-бірімен алмасып шешеді. Көп тапсырма шешкен топ 1 ұпайға ие болады.
V кезең: «Көсемдікке ұмтылу»
Тапқырлық пен логиканы талап ететін шапшаң сұрақтар.
- Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Қаншасы қалды?
- 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарының қосындысы көп пе, әлде көбейтіндісі көп пе?
- Төрт қайың қатар өсіп тұр. Әрқайсысында 4 бұтақтан. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма?
- Екі бестің арасына қандай таңба қойғанда 5-тен үлкен, 6-дан кіші сан шығады?
- Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы біреуін атып алды. Қанша торғай қалады?
- Ол нәрсе сенікі, бірақ оны сенен гөрі басқалар көбірек қолданады. Ол не?
- 86 санын ештеңе жазбай 12-ге арттыр. Қалай?
- Электр пойызы батыстан шығысқа қарай жүріп келеді, оған қарсы бағытта жел соғып тұр. Жел пойыздың түтінін қай жаққа айдайды?
- Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Мұны қалай түсінуге болады?
- Бір жұмыртқа 3 минутта піседі. Ал 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
- Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болса, екі аяғымен тұрса қанша кг болады?
- Қосындысы 651-ге тең болатын қатар тұрған екі натурал санды атаңдар.
IV. Қорытынды
Бағалау
Үй тапсырмасы түсіндіріліп, сабаққа белсенді қатысып, есептер шығарған оқушылар бағаланады.
V. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалім тарапынан түсіндіріліп беріледі.