Бақылау диктанты
Сабақтың мазмұны
Бұл сабақ — бақылау диктанты. Диктант арқылы оқушылардың алған білімін тиянақтау, тексеру және сауатты, көркем жазу дағдысын дамыту көзделеді. Сонымен бірге танымдық қабілетін, ой-өрісін жетілдіру, адамгершілікке, сұлулықты бағалауға және ұжымшылдыққа баулу мақсат етіледі.
Сабақтың түрі
Білімді тексеру және бағалау сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі.
Топқа бөлу
Түрлі ойыншықтар арқылы топтарға бөлу.
Ынтымақтастық атмосферасы
Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс сезіміміздің сырын ашуға жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйіңді білдіріп көр: бір-біріңе жымиып, күлкі сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау және диктантқа дайындық
Бүгінгі сабақта диктант жазамыз. Жұмысты бастамас бұрын негізгі ережелерді еске түсірейік:
-
1
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
-
2
Сөйлем неден басталады?
-
3
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
-
4
Сөйлем ішінде жер-су атаулары немесе адамның аты кездессе, қалай жазылады?
-
5
Әр жазған сөйлемді тексеру керек пе? Неліктен?
Қызығушылықты ояту
Оқулық тапсырмалары
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Топтық жұмыс
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар
Оқушылардың ойлауын кеңейтетін шығармашылық жұмыстар.
Диктант мәтіні: «Әже өнері»
Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі ою ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй ішіндегі әсем мүліктердің көбі әжесінің қолынан шыққан. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды.
Жазылуы қиын сөздер
Тапсырмалар
-
«Өрнекті», «өнерлерін» сөздерінің түбірін табыңдар. Түбірдің астын сызыңдар.
-
«Текемет», «сырмақ», «алаша» сөздеріне қосымша жалғап жазыңдар.