Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру

Тақырыбы: Тәуелсіздікке тарту (XXI ғасыр көшбасшысы)

Бұл интеллектуалдық ойын Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Шара технология пәні аясында 9А, 10А және 11А сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Мақсаты

  • Оқушылардың әр саладағы білімін кеңейту, білім деңгейін және шығармашылық ізденісін анықтау; тапқырлықты, шеберлікті, ойлау қабілетін дамыту және білімді өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
  • Сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру дағдысын қалыптастыру; сөйлеу мәдениетін жетілдіру және белсенділікті арттыру.
  • Еңбек (технология) пәніне деген қызығушылықты арттыру.

Әдістері мен құралдары

Оқыту әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Шығармашылық жұмыс

Құрал-жабдықтар

  • Белсенді тақта
  • Үлестірме парақшалар
  • ACTIVote тестілеу жүйесі

Іс-шараның барысы

Қатысушылармен танысу

Құрметті мұғалімдер мен оқушылар! Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кешімізге қош келдіңіздер!

Осы мерекеге орай технология пәнінен 9А, 10А және 11А сынып оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойын өткіземіз.

Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.