Абайдың портреті. Абай кім
Сабақ тақырыбы
С. Мұқановтың «Лашын» әңгімесі ( «Өмір мектебі» романынан).
Сабақ типі
Аралас сабақ.
Сабақ әдістері
- Баяндау
- Салыстыру
- Сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларды Сәбит Мұқановтың шығармашылығымен таныстырып, «Лашын» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру; қазақтың ежелгі құсбегілік өнерінің қыр-сырына баулу.
Тәрбиелік
Ізгілік пен жомарттыққа, табандылық пен алғырлыққа, сезімталдық пен зеректікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Туған өлкенің құсы мен аңын қадірлей білуге, қазақ халқының құсбегілік пен аңшылық дәстүрін жалғастыруға ынталандыру.
Көрнекіліктер
С. Мұқанов, М. Әуезов, А. Құнанбаев портреттері; қамшы, дабыл; құсбегілікке қатысты суреттер; кітаптар, оқулық, плакаттар, үлестірме қағаздар.
Негізгі тұлғалар
С. Мұқанов • М. Әуезов • А. Құнанбаев
Материалдар
Плакат • үлестірме қағаз • оқулық • көрнекі құралдар
Сабақтың өту барысы
-
1) Кіріспе
Ұйымдастыру: амандасу, кезекші хабарламасын тыңдау.
Назар аударту: сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижені айқындау.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге: М. Әуезовтің «Әжемнің әңгімесі» шығармасы берілген. Дәптерге 8–9-тапсырманы орындау тапсырылды. Дәптерлер тексеріледі.
1-тапсырма: сөз тіркестерін түсіндіру
- Мүсінде — келбет, дене пішіні
- Сырқаттан құлан-таза — мүлде, әбден жазылу
- Қылаңданып көрінеді — ақшылданып көріну
- Мінез машығы — әдеті, дағдысы
- Қан базардай — қалың жиын, думанды орта
2-тапсырма: сөздердің мағынасы
- Рең — шырай, бет-жүз
- Бұлдыр күн — өткен күн, көмескі шақ
- Сүле — ұзаққа созылған науқас
1–2 оқушы тапсырмаларды тақтада орындайды, 1–2 оқушыдан ауызша жауап алынады.
Қайталау сұрақтары
- І. Жансүгіровтің қандай шығармасын өттік? Атақты күйшілерді атаңдар.
- Сыныптан тыс оқу бойынша қандай көркем әдебиет оқыдыңдар?
- М. Әуезов кім? Қандай әңгімелерін білесіңдер?
- Абай кім? Қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Абайдың жабырқау көңілін көтерген күш не деп ойлайсыңдар?
- Халық ауыз әдебиеті бойынша қандай жырлар аталады?
Үлестірме қағаздар: портреттер бойынша жұмыс
Абай портреті
- Абайдың портретін сипатта.
- Қонаққа келген ақындар кімдер?
Барлас портреті
- Барластың портретін сипатта.
- Ол бірінші қандай жырды жырлады?
Жалпы сұрақтар
- Қандай тақырып өттік?
- Абай өлеңінен үзінді келтір.
-
3) Жаңа сабақ
Тақырып: С. Мұқановтың «Лашын» әңгімесі
Өткен сабақта халқымыз қадір тұтқан, қазақты күллі әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтің әңгімесімен таныстық. Абайдың да сендер сияқты бала болғанын, өнерді шын сүйгенін, тіпті 13 жасында да анасына еркелейтінін аңғардық.
Әжесінен әңгіме сұрайтын Абай бейнесін әрдайым есте сақтап, өз әжелеріңнен де әңгіме сұрап, көп нәрсені үйрене беріңдер. Бәлкім, ертең сендердің араларыңнан да дана, көшбасшы тұлға шығарына кім кепіл?
Жаңа сабақтың бағыттары
- Автордың өмірбаяны
- «Лашын» әңгімесінің мазмұны (қазақ тілімен байланыс)
- Құсбегілік, атбегілік өнер туралы түсінік
- Лашынның қаз-үйрек алуы
- «Бір қызық ісім екен сұм жалғанда…» бөлімі бойынша ой қозғау
Келесі жұмыс түрлері
- Әртүрлі құстар жайлы өлеңдер оқу
- «Лашын салу» ойыны
- Табиғатты қорғау туралы әңгіме
- «Бәйге» ойыны
- Бекіту, қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы