Лейкоциттер қандай жасуша

Сабақтың тақырыбы

Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.

Сабақтың мақсаты

  • Ағзадағы қан айналымының маңызын түсіну, жүректің құрылысы және қан тамырлары туралы білімді меңгеру.
  • Есте сақтау қабілетін жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз бетінше іздену дағдысын қалыптастыру және сабаққа белсенділік пен қызығушылықты арттыру.
  • Оқушылар арасында ұйымшылдық пен сыйластықты нығайту; тұлғалық ізгі қасиеттерге баулу, ұқыптылыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру

Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрады.

  • Егер мектепке көтеріңкі көңіл күймен келсеңіз — оң қолыңызды көтеріңіз.
  • Егер адамның шыншылдығын бағаласаңыз — алға бір қадам жасаңыз.
  • Егер өз біліміңізге сенсеңіз — аяғыңызды қозғаңыз.
  • Егер сізге биология пәні ұнаса — қол шапалақтаңыз.
  • Егер мемлекеттің болашағы өз қолымызда деп сенсеңіз — қол ұстасыңыз.

2) Топқа бөлу

Сабақты бастамас бұрын оқушылар топтасып отырады. Мұғалім 3 түсті жүрек суреттерін таратады, әр оқушы өзіне жақын түсті таңдайды.

1-топ

Веналар

2-топ

Артериялар

3-топ

Капиллярлар

3) Үй тапсырмасын қайталау

«Организмнің ішкі ортасы» тарауы бойынша қайталау сұрақтары. Әдіс: «Миға шабуыл».

1. Организмнің ішкі ортасын құрайтындар

Қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы

2. Қанның қызыл жасушалары

Эритроциттер

3. Тромбоциттердің негізгі қызметі

Қанның ұюы

4. Қанды қабылдайтын адам

Реципиент

5. Ағзаның бөгде заттарға қарсы тұру қабілеті

Антидене

6. Қанның ұюына қатысатын нәруыз

Фибриноген

7. Лейкоциттер қандай жасушалар?

Ядролы ақ қан жасушалары

8. Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым

И. И. Мечников

9. Қан қандай ұлпаға жатады?

Сұйық дәнекер ұлпа

10. II топқа қандай қан құяды?

I және II топ

11. Адам организміндегі қан мөлшері

Шамамен 5 литр

12. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы

120 күн

13. Қанның негізгі қызметтері

Тасымалдау, қорғаныш, гуморальды реттелу, жылу реттеу

14. Эритроциттердегі ерекше нәруыз

Гемоглобин

15. Иммунитет түрлері

Табиғи және жасанды

16. Қан ұйымайтын ауру

Гемофилия

17. Қан қайда түзіледі?

Сүйек кемігінде

18. Лимфада болатын лейкоциттер

Лимфоциттер

Ақпарат

Білім беру ұйымы

Бейнеу ауданы әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ

Пән мұғалімі

Абдуллаева Маржан Алдонгаровна

Тақырып: Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы.