Жіктік жалғауы

6-сынып

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Тақырып

Отан. Жіктік жалғауы

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың Отан туралы білімін толықтыру және жүйелеу.
  • Жіктік жалғауы туралы түсінігін кеңейту.

Күтілетін нәтиже

  • Отан туралы еркін әңгімелей алады.
  • Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолданады.
  • Еліне, жеріне деген құрметі мен ыстық сезімі нығаяды.
  • Ойын ашық жеткізеді.
  • Жіктік жалғауын меңгереді.

Сабақтың міндеттері

  • Отан тақырыбына қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
  • Қазақша тілдік қатынасты еркін меңгерту, ауызекі сөйлеуді жүйелеу.
  • Өзге ұлт өкілі оқушылардың дұрыс айту және жазу дағдысын дамыту.
  • Ұжымда жұмыс істеуге баулу.
  • Отанға сүйіспеншілік пен құштарлықты ояту, патриоттық тәрбие беру.
  • Жіктік жалғауын бекіту және тиянақтау.

Құрал-жабдық және әдіс-тәсілдер

Көрнекілік

  • Топтастыру стратегиясы.
  • Слайд және бейнематериал.
  • Деңгейлік тапсырмалар жазылған кестелер.

Қолданылатын әдістер

  • Сұрақ-жауап, әңгімелесу.
  • Деңгейлеп оқыту.
  • Миға шабуыл.
  • Топтастыру (кластер) стратегиясы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Жылы атмосфера және мақсатты нақтылау

Көңіл күйді анықтау

Оқушылар алдарындағы түрлі түсті белгілердің ішінен қазіргі көңіл күйіне жақынын таңдайды.

  • Көңіл күйім өте жақсы
  • Көңіл күйім жақсы
  • Көңіл күйім жоқ

Сабақ құрылымымен таныстыру

Сабақтың мақсаты мен кезеңдері қысқаша түсіндіріледі, оқушылардан белсенді қатысу күтілетіні айтылады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау және байланыс орнату

Өткен тақырып бойынша орындалған тапсырмалар тексеріліп, қателер талданады. Қысқа сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар еске түсіріледі.

III. Жаңа сабақ

Айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым

Жаңа тақырыпқа даярлау (айтылым)

Ой шақыру сұрақтары

  1. Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
  2. Отанымыз қандай?

Сөзжасам ойыны

«Отан» сөзінен мағыналы сөздер құрастырып көрейік. Үш қатар жарыса отырып жұмыс жасайды, нәтижесін тақтадағы үлгімен салыстырады.

Отанот, ат, тон, он

Дәптермен жұмыс

Дәптерге бүгінгі күнді және тақырыпты жазу: «Отан. Жіктік жалғауы».

Миға шабуыл

Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Жауаптар тақтада кластер түрінде топтастырылады.

Сөздікпен жұмыс (тілдесім)

Ағынды өзен

быстрая река

Асқар тау

высокие горы

Қасиетті тіл

святой, достойный язык

Құдіретті үн

всемогущее звучание

Өлең жолдары арқылы тіркестер

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған — люблю всю живность

Бәрі маған сыбырлаған — все мне шептали

Күш-жігерімді — силу

Тапсырма

Осы сөздерді қатыстырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.

Мәтінмен жұмыс (оқылым, тыңдалым)

Оқылым

Өлеңді оқушылар кезекпен дауыстап оқиды.

Тыңдалым және талдау

Өлеңнің мазмұны ашылып, негізгі ойы анықталады.

Жазылым

2-тапсырма

Сөз тіркестерін дұрыс құрастырыңдар:

түнін сүйем қасиетті тілі оның құдіреті бәрі маған сыбырлаған шырылдаған бозторғай биік екен мәңгілікке сүйіп өтем

4-тапсырма (I деңгей)

Сөйлемдегі зат есімнің қай жақта тұрғанын анықтаңдар.

4-тапсырма (II деңгей)

Синонимдерді қолданып сөйлемдер құрастырыңдар.

4-тапсырма (III деңгей)

Сызба бойынша сөз тіркесін құрастырыңдар.

6-тапсырма

Үлгі бойынша диалогті оқып, жұппен өзара сөйлесіңдер.

Рефлексия

Оқушылар сабақ соңында төмендегі кесте бойынша ой қорытынды жасайды.

Білетінім

Сабаққа дейінгі білімім.

Білгенім

Бүгін үйренгенім.

Білгім келетіні

Алдағы сұрағым, қызығушылығым.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • 88-бет: өлеңді жаттау.
  • 3-тапсырма: жазбаша орындау.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және ауызша жауаптары негізінде бағаланады.