Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету; олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият әрі зейін қоя тыңдауға үйрету.

Үй жануарларының адамға тигізер пайдасын түсіндіру, оларды күтіп-баптауға, қорғап-қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал-мәтелдерді қайталау, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.

Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру; олардың мекені мен қоректенуі туралы түсінік беру, неліктен «жабайы» деп аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез-құлқын бейнелейтін әңгімелер арқылы балаларды анық сөйлеуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Ойын
  • Сұрақ-жауап
  • Сахналау

Сабақтың барысы

Кіріспе сұрақтар

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Ай аттарын атайық. Қыста не жауады? Қардан не жасап ойнаймыз?

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз: «Жануарлар туралы жалпы ұғым».

Жануарларды білесіңдер ме? Олардың қандай түрлерін атай аласыңдар?

Жануарлар екіге бөлінеді

Үй жануарлары — адамның қасында тіршілік ететін, пайдасы бар жануарлар.

Мысалы: сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі және т.б.

Жабайы жануарлар — өздігінен табиғатта тіршілік ететін жануарлар. Олардың мекені мен қоректенуі табиғи ортаға байланысты.

Үй жануарлары: сұрақ-жауап және тақпақтар

Суретпен жұмыс

Сиыр

Негізгі сұрақтар

Сиырдың адамдарға пайдасы бар ма?
Бар.
Қандай пайдасы бар?
Сүтін ішеміз, етін жейміз.
Сүтінен не жасалады?
Айран, құрт, ірімшік жасалады.
Сиыр қандай дыбыс шығарады?
«Мө, мө, мө» деп мөңірейді.
Сиырдың төлі қалай аталады?
Бұзау.

Тақпақ

Әукім, әукім, әукешім,
Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.

Суретпен жұмыс

Қой

Негізгі сұрақтар

Қойдың адамға пайдасы бар ма?
Етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен түрлі киім тоқуға болады.
Жүнінен нелер жасауға болады?
Шұлық, қолғап, шарф, жемпір және т.б.
Қой қандай дыбыс шығарады?
«Мә, мә, мә» деп маңырайды.
Қойдың төлі қалай аталады?
Қозы.

Тақпақ

Өзгеше өңде, тау қырат,
Сылқ-сылқ күлген бал-бұлақ.
Жаңа туған ақ қозым,
Көзін ашты маужырап.

Суретпен жұмыс

Түйе

Негізгі сұрақтар

Түйенің қандай пайдасы бар?
Етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен көрпе жасалады.
Түйе жүнінен жасалған көрпе қандай болады?
Өте жеңіл әрі жылы болады.
Түйенің сүті қалай аталады?
Шұбат.
Шұбаттың пайдасы қандай?
Адам денсаулығына өте пайдалы.
Түйе қандай дыбыс шығарады?
«Бәә, бәә, бәә» деп боздайды.
Түйенің төлі қалай аталады?
Бота.

Тақпақ

Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.