Наурыз тойында көрініс Бесікке салу Бесікке салу - нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі
Ертеңгілік іс-шара туралы
Тәрбиеші
Жолдаева Жанаргүл
Тақырыбы
Жыл басы — Наурыз
Мақсаты
- Балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру.
- Елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге және дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Барысы
I. Кіріспе
Мереке өтетін орын салт-дәстүрге сай безендіріледі. Балалар ұлттық киіммен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалады.
Тәрбиеші
Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әже мен Наурыз қыз ортаға шығады. Әже шашу шашады.)
Наурыз қыз
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы — жыр-аңыз.
Қызып думан, мереке,
Қызық думан құрамыз.
1-бала (Ағлен)
Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы — халықтың.
Қуанышы — халықтың,
Құтты болсын қадамың!
2-бала
Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз — Наурыз!
3-бала (Ақнұр)
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!
II. Негізгі бөлім
Құрметті қонақтар, сіздерді балабақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы — Наурыз» ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Көрініс
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді.)
Шал
Шек, шеку, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым — қоңырау тақтым, ешкі бақтым — еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы.
(Малдас құрып отыра кетеді.)
Оқиға
Сол сәтте артынан Мыстан кемпір келіп, шалды қылғындыра бастайды.
Мыстан
Уһ, бәлем! Қолыма түстің бе?
Шал
Ойбай, ойбай, жіберші! Қылқынып барамын.
Диалог
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ, маған қой керек емес. Балаңды бер, әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жарайды. Жалғыз ұлым — Кенжебек. Соны ал.
Мыстан: Онда келісемін. Оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар. Соны саған қалдырайын. Бала сақасын іздеп келгенде, өзің ұстап ал.
Шал: Міне, алтын сақа.
(Қалтасынан алтын сақаны алып береді де, өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады.)
Кенжебек
Апа, апа, анау сақамды алып беріңізші!
Мыстан
Ой, мен отырсам — тұра алмаймын, тұрсам — отыра алмаймын. Өзің ал.
(Бала еңкейіп сақаны ала бергенде, Мыстан оны қағып ұстап алады.)
Қыздар
Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз!
(Мыстан ортаға шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар бірінің артына бірі тығылады.)
Мыстанның шарты
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа, орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақпақ айтып беріңдер.
Наурыз туралы тақпақтар
Салтанат
Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Дариға
Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.
Айкөркем
Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Дәурен
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
Жания
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Тамирлан
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Інжу
Мен көктеммін,
Бүршік болып бүр жардым.
Мыстан
Жарайсыңдар!
Жалғасы
Қыздар: Апа, енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, енді өнерлеріңді көрсетіңдер.
(Балалар Наурызға арналған ән айтып, би билейді.)
Мыстан: Ой, рақмет! Көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді жібересіз бе?
Мыстан: Наурыз мерекесіне барғым келіп тұр.
Қыздар: Кенжебекті жіберсеңіз, біз сізді Наурыз тойына апарамыз.
Мыстан: Жарайды, мені алдамайсыңдар ма?
Қыздар: Әрине, алдамаймыз.
(Мыстан, Кенжебек және қыздар бірге Наурыз тойына келеді.)
Наурыз тойындағы көрініс
«Бесікке салу»
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бұл қуанышты сәтке ауылдың әйелдері шашуымен, жол-жоралғысымен келеді. Алғаш бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірлі, сыйлы анаға тапсырылады. Ол өзімен бірге бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды. Сәбидің әжесі немесе анасы түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.
Бұдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық секілді сый-сияпат тартылады. Үлкендер бата беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына ақ тілегін білдіреді.