Қосудың қасиетін ата
Атырау қаласы, Талғайран негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Сариева Ақмарал Нұрымбетқызы
Сабақ тақырыбы: «Не артық? Не кем?»
Білімділік
Өрнектерді есептемей-ақ салыстыра білу (қосу, азайту амалдарының компоненттерін талдау негізінде). Есеп бойынша өрнек құрастыруды меңгерту, өтілген материалды пысықтау.
Дамытушылық
Логикалық ойлауды, шапшаң есептей алу қабілетін, көрнекі-бейнелі ойлауды және ауызша есеп құрастыру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Іскерлік сабақ
Сабақтың типі
Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма, топтастыру, ойын және т.б.
Көрнекілігі
Мультимедиа, дидактикалық материалдар және т.б.
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық әзірлік
Мыңдаған жылдар бұрын біздің ата-бабаларымыз санауды білген. Алғашқы адамдарға санауды үйреткен арнайы ұстаз болмады — олардың ұстазы өмірдің өзі еді.
Қоршаған ортаны бақылау арқылы адам жеке заттарды бөліп алуды үйренді: қасқырлар үйірінен біреуін ажыратып, санау қажет болғанда саусақпен көрсеткен. Заттардың артық не кем екенін көзбен шолып айыра алған.
Сұрақ: Балалар, қалай ойлайсыңдар, ол кезеңді қазіргі заманмен салыстыруға бола ма?
Бүгін біз білім еліне саяхат жасаймыз.
III. «Білім еліне саяхат»
«Түшшшш… Біреу келе жатыр, балалар. Бұл кім болды екен? Сендер естіп тұрсыңдар ма?»
Бұл — білім елінің қожайыны Білгішбек. Ол құр келмепті: өзімен бірге сыйлықтар ала келіпті. Сыйлыққа ие болу үшін суреттер бойынша есеп құрастыруымыз керек.
Экранға назар аударайық.
A) «Миға шабуыл»: «Не артық? Не кем?» ойыны
Қасық пен тәрелке
- Қасық
- 6
- Тәрелке
- 4
Қасық тәрелкеден екеуі артық, ал тәрелке қасықтан екеуі кем.
6 − 4 = 2
Қызыл доп пен жасыл доп
- Қызыл доп
- 5
- Жасыл доп
- 3
Қызыл доп жасыл доптан екеуі артық, ал жасыл доп қызыл доптан екеуі кем.
5 − 3 = 2
Тапсырма: «Есеп құрастыр» (№5).
Мысал: Алмас — 7 жаста. Ағасы одан 2 жас үлкен. (Есеп құрастырып, өрнек жазыңдар.)
IV. Сергіту сәті
Аяқпенен топ-топ-топ,
Алақанды соқ-соқ-соқ,
Бір оңға, бір солға —
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық,
Бір оңға, бір солға —
Айналайық кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру,
Бір оңға, бір солға —
Айналайық кел мұнда.
V. Математика жұмыс дәптерімен жұмыс
№1 тапсырма: жұмыс дәптеріндегі есептерді орындау, салыстыру және өрнек құрастыру дағдыларын бекіту.
VI. Компьютерлік ойын
Барлығымыз экранға назар аударайық. Бұл — Білгішбектің келесі тапсырмасы. Мұнда керемет сөз жасырылған.
Сөзді табу үшін өрнектерді шығарып, нәтижесіне сәйкес әріптерді дұрыс ретпен орналастырамыз.
Дұрыс жауап: «Жарайсың».
VII. «Кім тапқыр?» (қайталау сұрақтары)
- 1 Қосу амалының құрамдас бөліктерін ата.
- 2 Азайту амалының құрамдас бөліктерін ата.
- 3 Қосудың қасиеттерін ата.
- 4 Геометриялық пішіндерді ата.
- 5 Әріпті өрнек жаз.
- 6 Санды өрнек жаз.
- 7 Теңсіздік жаз (мысалы: 7 > 3).