Еркелеткен атам мейірімді
«Мейірім шуағы» (қайырымдылық концерті)
Бұл шараның басты мақсаты — оқушыларды жастайынан қамқорлыққа, мейірім мен ізгілікке тәрбиелеу.
Кіріспе
Фанфарлар. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін біз жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырған әлем жұртшылығының бір бөлшегіміз. Ертеңгі болашағымыз қандай болмақ?
Уақыт өте бала өседі, айналасынан өнеге алады, ортадан тәлім табады. Балаға жақсылықты ең алдымен отбасы үйретеді: ата-ананың жылы жүрегі, мейірімі мен парасаты — тәрбиенің берік негізі.
Ендеше, ата-аналарға құрмет ретінде ұйымдастырылған «Мейірім шуағы» мерекелік концертіне қош келдіңіздер!
Құттықтау сөзі
Сөз №5 орта мектеп директоры Әбдіғапарова Алия Пәуединқызына беріледі.
Концерт бағдарламасы
Кештің әр нөмірі мейірім, құрмет және адамгершілік құндылықтарын дәріптеуге арналды.
Күй: «Теріс қақпай»
Жүргізуші: «Күй ойнайды қазағымның қанында, күй ойнайды қазағымның жанында. Үзіледі әуендер күмбірлеген домбырасы барында…»
Ән: «Мама»
Жүргізуші: «Талпын жақсы болуға, күндей сәуле шашатын. Білім іздеп, өнер тап — түнді күндей ашатын…»
Бұл ән — барлық асыл аналарға арналған құрмет.
Мейірім туралы толғаныс
Күлімдеген күн — мейірімді. Кіршіксіз ақ қар — мейірімді. Таза мөлдір су — мейірімді. Бәрімізді көтеріп тұрған жер — мейірімді!
Аяулы анам — мейірімді. Қадірлі әкем — мейірімді. Әлпештеген әжем — мейірімді. Еркелеткен атам — мейірімді. Жылы жүзді ұстазым — мейірімді. Тату-тәтті достарым — мейірімді!
Би: «Барбарики»
Жүргізуші: «Сымбатына сән киімі жарасатын, аспандағы айменен таласатын… Өнеріне сай келіп тұрғанына бишілерге қызығып қарасаңшы…»
Ән: «Асыл әжем»
Жүргізуші: «Отбасы — алтын ұя, киелі шаңырақ. Сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы — бала. Баланың бас ұстазы — ата-ана…»
«Жасынан сүйіп өсер балапаның, бір саған сенім артар балапаның. Бір сәтке ұмытармын қиындықты, сипаса маңдайымнан алақаның…»
Ән: «Золотое сердце»
Мен — сәбимін, бейбітшілік тілейтін бар ғаламға. Мен — баламын, қамқор болар ата-анаға. Мен — доспын, достық туын көкке ұстар.
Мен — баламын, болашақта елін қорғар. Мен — адаммын, осының бәрін ұғар. Мен — қазақпын, жақсылыққа жаны құмар.
Қорытынды өлең
Қайырымды жандар айнала, шеңберге келсін жайлана. Жалықпастан қайта біз махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы, жүрегім оттай жанады. Бақыттымыз осы біз — қасымызда досымыз.
Жабылу сөзі
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі «Мейірім шуағы» атты концертіміз өз мәресіне жетті. Өмірлеріңіз күндей нұрлы, шуақты болсын. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!