Батыс Европаның халқы
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырып
Батыс Еуропа
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Ұзақтығы
90 минут
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Студенттерге дүние жүзінің аймақтарына сипаттама беруді үйрету; әр елдің орны, аумағы, шекарасы, халқының саны мен орналасуы, өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы бойынша білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық
Есте сақтау және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Төзімділікке, адамгершілікке және рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын педагогикалық технологиялар
- Бағдарламалап оқыту
- Бақылау және бағалау
- Ынталандыру
- Бағыт-бағдар беру
Технологияны іске асыру әдістері
- Аралас және ауызша сұрау
- Картамен жұмыс
- Өзін-өзі бағалау
- Іздену жұмыстары
- Бақылау арқылы мадақтау
Пәнаралық байланыс
Дүние жүзі тарихы
Шетелдік Еуропаның XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы тарихи даму ерекшеліктері.
Этнология
Халықтың қоныстануы және көші-қон үдерістері.
Физикалық география
Жер бедері, пайдалы қазбалар, климат және табиғат зоналары.
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекі құралдар
Дүние жүзі саяси картасы
Үлестірме материалдар
Тесттер, тарқатпалар
Техникалық құралдар
Интерактивті тақта
Оқу-әдістемелік құралдар
- Негізгі: География (В. П. Максаковский), 2007 ж.
- Қосымша: География (Шың) — қосымша оқу материалы.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
Студенттерді түгендеу және сабаққа әзірлеу.
2) Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау
5 минут
- Батыс Еуропаның аумағы, шекарасы және географиялық орны
- Экономикалық жағдайының ерекшеліктері
- Табиғат жағдайлары мен байлықтары
- Батыс Еуропаның халқы
- Батыс Еуропаның өнеркәсібі
- Еуропаның ауыл шаруашылығы
- Еуропаның дамыған елдері
3) Үй жұмысын тексеру және білімді бақылау
15 минут
Тест, тірек-сызбалар, карточкалармен жұмыс және ауызша сұрау арқылы тексеру.
- Дүниежүзілік халықаралық қатынастар
- Дүниежүзілік сауда
- Экономикасы ашық елдер
- Халықаралық несие-қаржы қатынастары
- Дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлері
4) Баға қою және түсініктеме беру
5 минут
Студенттердің жұмысын бағалау және нәтижесі бойынша қысқаша кері байланыс беру.
5) Жаңа тақырыпқа мотивация және түсіндіру
35 минут
Батыс Еуропа: аумағы, орны және аймақтары
Шетелдік Еуропаның жалпы ауданы шамамен 10 млн км². Солтүстіктен оңтүстікке қарай (Шпицберген аралынан Крит аралына дейін) шамамен 5 000 км, батыстан шығысқа қарай 3 000 км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр.
Шағын мемлекеттерді қоса алғанда, аймақ өзара экономикалық және мәдени байланыстары берік шамамен 42 егеменді мемлекеттен тұрады.
Шетелдік Еуропаның ірі аймақтары
- Шығыс Еуропа — 1,2 млн км²
- Орта Еуропа — 1,5 млн км²
- Солтүстік Еуропа — 1,3 млн км²
- Оңтүстік Еуропа — 1,1 млн км²
Экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері
- Көрші мемлекеттермен тікелей шектесуі және теңіз маңында орналасуы.
- Саяси картасының бірнеше рет өзгеруі: I және II дүниежүзілік соғыс кезеңдері, сондай-ақ аймақ елдерінің мемлекеттік құрылымындағы өзгерістер.
Аймақтың саяси бірлестіктері
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/ОБСЕ)
- Еуропа кеңесі (ЕК)
- НАТО
Табиғат жағдайлары мен байлықтары
Еуропаның өнеркәсібі үшін пайдалы қазбалардың шоғырлануы ерекше маңызға ие.
Көмір алаптары
- Рур (Германия)
- Жоғары Силезия (Польша)
- Уэльс, Йоркшир (Ұлыбритания)
Мұнай-газ
Солтүстік теңіз алабы (соның ішінде Нидерланды секторы).
Темір кені
- Кируна (Швеция)
- Лотарингия (Франция)
Басқа ресурстар
- Мыс: Төменгі Силезия (Польша)
- Орман ресурстары: Швеция, Финляндия
- Суармалы жерлер: Испания, Италия
Ірі қара металлургия орталықтары
Германия, Ұлыбритания, Франция, Украина, Ресей және Шығыс Еуропаның бірқатар елдері (Польша, Чехия).
Батыс Еуропаның халқы
Халық саны
730 млн адам
Тығыздық
1 км²-ге ~100 адам
Урбандалу
Қала халқы ~90%
- Халықтың орналасуы өте тығыз шоғырланған аймақтардың бірі.
- Демографиялық өсім баяулаған: ұдайы өсу көрсеткіштері теңесіп, жас құрамы өзгеруде; егде адамдар үлесі артып келеді.
- Иммиграция үлесі жоғары.
- XIX ғасырда Еуропа эмиграцияның ірі ошақтарының бірі болды.
- Тілдік тұрғыдан халықтың басым бөлігі үнді-еуропалық тілдер әулетіне жатады.
- Негізгі дін — христиан діні.
Ірі агломерациялар
Лондон, Париж, Рейн–Рур, Мәскеу.
«Үлкен жетілік» құрамындағы Еуропа елдері
Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия.
Батыс Еуропаның өнеркәсібі
Еуропадағы өнеркәсіптің жетекші саласы — машина жасау. Ол өндірілетін өнімнің шамамен 1/3 бөлігін, ал экспорттың 2/3 бөлігін қамтамасыз етеді.
Жетекші автомобиль брендтері
Германия
Mercedes, BMW
Франция
Renault, Peugeot
Чехия
Tatra, Škoda
Италия
Fiat
Швеция
Volvo