Сұңқарлар тобы

Зат есімді қайталау: жекеше және көпше түрі

Сабақтың тақырыбы

Жекеше және көпше түрі.

Сабақтың түрі

Жарыс сабақ.

Сабақтың құрылымы

  • Ұйымдастыру
  • Назар аударту, сабаққа кіріспе
  • 6 айналымнан тұратын сайыс
  • Қорытынды, кері байланыс

Сабақтың мақсаты

  1. Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен сабақтағы білімді қайталау.
  2. Оқушылардың топпен жұмыс істеуін, логикалық ойлауын дамыту және іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
  3. Алғырлыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және сабаққа кіріспе

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді: сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарға өткен сабақта зат есім туралы нені біліп, нені меңгергенімізді көрсетеміз. Сол үшін екі топқа бөлініп, жарысамыз.

1-топ: «Сұңқар»

Ұраны

Топтың аты — Сұңқар бұл,
Келдік біздер жарысқа.
Зат есімнің сырларын
Баяндаймыз сайыста.

2-топ: «Тұлпар»

Ұраны

Тұлпар атты атымыз,
Көп нәрседен хабармыз.
Сұңқар атты топпенен
Сайысуға даярмыз.

Сайыстың ережесі

Жарыс 6 айналымнан тұрады. Әр айналымда берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген топ ұпай жинайды. Нәтижесінде жеңімпаз топ «Білім кілтін» иеленеді.

1. Бәйге

Жедел сұрақ-жауап

2. Тіл өнері

Өлеңді жалғастыру, авторын табу

3. Жеті жұмбақ

Суретпен, ойлан-тақырыппен жұмыс

4. Жорға

Мәтінмен жұмыс, тапсырмалар

5. Ребус шешу

Шешу, тақтаға жазу, талдау

6. Дода

Өлең, көпше түр, «Қыз қуу» ойыны

Ұйымдастыру бөлімі: топ басшыларын және әділқазылар алқасын сайлап аламыз.

Топ басшылары

1-топ: ________    2-топ: ________

Әділқазылар

1) ________    2) ________

Айналымдар мазмұны

I айналым: Бәйге

Екі топқа да сұрақтар беріледі. Мақсат — сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру. Тапсырманы топ басшылары таңдайды.

Сұрақ-жауап

1-топ «Сұңқар»

  • Жалқы есім дегеніміз не?
  • Жалпы есім дегеніміз не?
  • Зат есімнің түрлерін ата.
  • Көптік жалғауларын ата.

2-топ «Тұлпар»

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есімнің сұрақтарын ата.
  • Адамға және мамандығына байланысты қандай сұрақтар қойылады?
  • Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?

II айналым: Тіл өнері

«Әрі қарай жалғастыр» ойыны: өлеңнің басы беріледі, оқушылар жалғастырып, мәнерлеп жатқа айтады және авторын атайды. Тапсырманы топ басшылары таңдайды.

Өлең

1-топ «Сұңқар»

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба…»

Автор: Абай. Сұрақ: Абай кім? Жауап: Абай — ақын.

2-топ «Тұлпар»

«Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге…»

Автор: Ыбырай. Сұрақ: Ыбырай кім? Жауап: Ыбырай — жазушы әрі мұғалім.

Жұптық тапсырма: оқулықтағы 121-бет, 330-жаттығу. Жаттығуды көшіріп жазып, төмендегі сұрақтарға жауап береміз. Екі топ бірдей орындайды: кім тез, таза әрі көркем жазса — сол топ бірінші жауап беріп, ұпай алады.

III айналым: Жеті жұмбақ

Бұл кезеңде тапсырмалар топтарға бөлек беріледі. Негізгі мақсат — «Кім?» және «Не?» сұрақтарын ажырата білу, сондай-ақ ойлау мен дәлелдеуді дамыту.

Логика

1-топ «Сұңқар» — «Атаң мен әжеңнің заттарын жинап бер»

Суреттегі сөздерді «Кім?» және «Не?» сұрақтарына қарай ажыратып жазып, ауызша түсіндіресіңдер.

2-топ «Тұлпар» — «Ойлан, тап»

Суреттегі 4 түлік малдың төлін дұрыс тауып, пірлерін атайсыңдар. Пірлерге сұрақ қойып, қай сөз табы екенін анықтайсыңдар.

IV айналым: Жорға

Екі топқа да мәтінмен жұмыс беріледі: тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді.

Мәтін

1-топ «Сұңқар»

Оқулықтағы 331-жаттығу: тапсырмаларға жауап беру.

2-топ «Тұлпар»

Берілген мәтін тапсырмасымен танысып, сұрақтарға жауап беру.

V айналым: Ребус шешу

Екі топқа ребус беріледі. Топтар ребусты шешіп, тақтаға жазады және талдайды.

Ребус

1-топ «Сұңқар»

«7 су, 50 бай»

2-топ «Тұлпар»

«7 сай, 100-ім»

VI айналым: Дода

Екі топқа бірдей тапсырма беріледі: оқулықтағы 329-жаттығуды орындау. Өлеңді мәнерлеп оқып, көпше түрдегі зат есімдерді тауып, сұрақ қою.

Қорытынды кезең

Қосымша ойын: «Қыз қуу»

Мұғалім 15 сөз оқиды. Оқушылар сол сөздердің ішінен зат есімдерді тауып, теріп жазады.

Мысал сөздер

отырды, жазушы, Ақтөс, бояды, парта, он бес, құс, ұшты, ирек, көк, Астана, үлкен, он екі, әдемі, Ұлытау

Қорытынды және кері байланыс

Біз барлық тапсырмаларды орындай отырып, білімімізді көрсетіп, мәреге жеттік. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз: олар топтардың еңбегін бағалап, жүлделі орындарды қорытындылайды.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жеңген топқа «Білім кілті» табысталады.

Рефлексия

Оқушыларға екі дөңгелек пішін таратылады. Олар сурет салу арқылы сабақтың қаншалықты ұнағанын немесе ұнамағанын білдіреді.

Қонақтарға тілек

Қонақтарға күннің суретін сала отырып, жылы лебіздерімізді білдіреміз.

Тілектер

  • Аспанымыз ашық болсын!
  • Жер бетінде бейбітшілік орнасын!
  • Денсаулықтарыңыз мықты болып, өмірлеріңізге шаттық оралсын!
  • Еңбектеріңіз табысты болып, соңы жемісті болсын!
  • Келе жатқан 8 наурыз мерекесі құтты болып, жайдарлы да мерекелі күндер көп болсын!