Құрақ түрлерін ата

8-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Құрақ құрау технологиясы

Бұл сабақта оқушылар мата қиындыларынан құрақ құраудың негізгі тәсілдерін меңгеріп, түстер үйлесімін таңдауды, дайын үлгі бойынша қиюды және бөлшектерді дұрыс біріктіруді үйренеді.

Сабақтың ұраны

«Талаппен баста, талғаммен аяқта»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Мата қиындыларынан түрлі қиықтарды тігуге үйрету.
  • Құрақ бөлшектерін әзірлеуді меңгерту.
  • Мата түстерін үйлестіріп таңдауға баулу.
  • Дайын үлгі бойынша дәл қиюды және дұрыс біріктіруді үйрету.

Дамытушылық

  • Ұлттық бұйымға қызығушылықты арттыру.
  • Эскизді матаға түсіру және эскиз бойынша қию дағдысын қалыптастыру.
  • Құрақ қиындыларын біріктіру арқылы ептілік пен икемділікті дамыту.

Тәрбиелік

  • Халық өнерін және салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.
  • Әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.
  • Құрақ құрау арқылы эстетикалық талғамы мен ойлау қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Геометрия Сызу Бейнелеу өнері Математика

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Интерактивті тақтамен жұмыс
  • Сарамандық жұмыс

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылардың дайындығын тексеру, назарын сабаққа шоғырландыру.

  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    Өткен тақырып бойынша түсінігін анықтау, терминдер мен түрлерді қайталау.

  3. III. Кіріспе бөлім

    Құрақтың түрлері мен композиция құру қағидаларын түсіндіру.

  4. IV. Сарамандық жұмыс

    Эскиз, пішу, біріктіру және тігіс сапасын қадағалау.

  5. V. Сабақты қорытындылау

    Нәтижені талдау, қателер мен жетістіктерді атап өту.

  6. VI. Үйге тапсырма

    Келесі сабаққа қажетті материалдарды дайындап келу және сұрақтарға жауапты толықтыру.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар

  1. Құрақ дегеніміз не?
  2. «Құрақ» сөзінің мағынасы қандай?
  3. Құрақтың түрлерін ата.
  4. Құрақтың жасалу жолдары қандай?
  5. Құрақтың тұрмыстағы орны қандай? Қандай бұйымдарға қолданылады?
  6. Құрақ жасауға қандай құрал-жабдықтар қажет? Атауларын жаз.
  7. Қазіргі кезде құрақтың көптеген түрлері қалай қолданылады?
  8. Өнерлі болып, шеберлікке жету үшін не қажет? Нақтылап, тізіп жаз.
  9. Құрақ түрлері қиюласу өрнегіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

Тапсырма форматы

Жауаптарды интерактивті тақтаға немесе дәптерге жүйелі түрде тізіп жазыңдар.

Кіріспе: Құрақ түрлері

Геометриялық

Үшбұрыш, төртбұрыш, ромб тәрізді пішіндерге негізделеді.

Зооморфты

Жануарлар бейнесі мен нышандары қолданылатын өрнектер.

Өсімдіктектес

Жапырақ, гүл, бұтақ сұлбаларына ұқсас композициялар.

Тұрмыстық

Күнделікті өмірге тән заттық бейнелер мен символика.

Космогоникалық

Күн, ай, жұлдыз және кеңістік ұғымдарын меңзейтін өрнектер.

Құрақ құрауды жобалау қағидалары

  • Жасауға қажетті материалдар жеткілікті әрі қолжетімді болуы.
  • Бұйымның көркем орындалуы және түстер үйлесімінің сақталуы.
  • Материалдардың қымбат болмауы және тез табылуы.
  • Еңбек шығынының шамадан тыс көп болмауы.
  • Бұйым мөлшерінің жас ерекшелігіне сай болуы.
  • Экономикалық шығынды есептеу және үнемділік қағидасын ұстану.
  • Төзімділік пен сапаны қамтамасыз ету.
  • Әсем әрі функционалды дизайн жасау.