Компьютер Білімді ұрпақ - еліміздің тірегі
Сынып: 6
6 «А», 6 «Ә», 6 «Б» сыныптары
Сабақтың тақырыбы
Информатика пәнінің тапқырлары
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың типі
Сыныптан тыс
Сабақтың әдістері
- Сұрақ–жауап
- Практикум
- Көрсете баяндау
- Топпен және жеке жұмыс
Көрнекілігі
Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналған)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, білім деңгейін бақылау және бағалау.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін және логикалық сауаттылығын дамыту; пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Білімге, шығармашылыққа, өз ойын еркін жеткізуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу; тәртіптілік, сабырлылық, еңбекқорлық пен ұқыптылықты қалыптастыру; ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті жоғары тұлғаны дамыту.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Ұйымдастыру кезеңінде топтар өз орындарына отырады. Әр топ 5 оқушыдан құралады және олардың ішінен біреуі топ басшысы (капитан) болып сайланады.
Баршаңызды бізбен бірге қызықты «Информатика тапқырлары» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, шапшаңдықты және көтеріңкі көңіл күйді ала келуді ұмытпаңыздар.
Сайысқа 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б» сыныптарынан құралған үш топ қатысады. Бүгінгі сайыс – 6-сынып оқушыларының жыл басынан бері өткен тақырыптары бойынша білімдерін ойын элементтері арқылы тексеруге арналған.
Әр топ берілген тапсырмаларды бірлесіп талқылап, ақылдасып орындауға мүмкіндік алады.
Әділқазылар алқасы
Төрайымы: —
Мүшелері:
- Налибаева С. А.
- Елғонова Г. А.
Көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Ойын бөлімдері
Әр бөлімнен кейін әділқазылар алқасы топтардың жинаған ұпайлары бойынша қорытынды шығарып отырады.
1-бөлім
Таныстыру
2-бөлім
Құпия алаң
3-бөлім
Шешімін тап
4-бөлім
Бәйге
5-бөлім
Сөз тапқанға қолқа жоқ
6-бөлім
Кім епті, кім еркін ойлы?
7-бөлім
Мақал – сөз мәйегі
8-бөлім
Полиглот
9-бөлім
Байқағыштығыңды байқат
10-бөлім
Логикалық тапсырмалар
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын, ей, достар.
Осылайша шабытпен,
Қане, енді бастайық!
1-бөлім: Таныстыру
Бұл бөлімде әр топтың капитаны өз тобын таныстырады. Бұл бөлімге ұпай берілмейді (әділқазылар алқасы топтардың атауларын тіркеп алады).
1-топ: «Компьютер»
Топ
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Девиз
Тапқырлық таныту – мақсатымыз, біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
2-топ: «Ақпарат»
Топ
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Девиз
Асау тұлпар желдей ескен арынды, оқу мен еңбекке сал барыңды.
3-топ: «Интернет»
Топ
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.
Девиз
Болашақтың ұрпағымыз – білімді, көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
Көрерменге үндеу
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.