Жалпы зат атауы
Сабақ туралы мәлімет
Өткізілетін орын
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы
М. О. Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Карлибаева Базар
Сабақтың тақырыбы
Жалқы есім және жалпы есім
Түрі, әдістері, байланыс
- Түрі: аралас
- Әдістері: түсіндіру, көрнекілік қолдану, әңгімелеу, көркем сөз оқу, жұппен жұмыс
- Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру. Жаттығулар арқылы сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Жұппен жұмыс істей білуге, бірлікке, ұйымшылдыққа және бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Батырлардың портреттері, Венн диаграммасы, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
2-жаттығу: сөздерді оқып, кім? және не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жазу.
Кім?
- ата
- апа
- ағатай
- інішек
Не?
- кірпіш, тауық
- шыны, кептер
- сағат
- қанат
III. Өткен материалды пысықтау
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізіліп, негізгі ұғымдар қайталанады.
IV. Жаңа сабаққа дайындық (топтық жұмыс)
I топ
Өлең шумағынан кісі аттарын атау.
II топ
Өлең шумағынан жер-су аттарын атау.
III топ
Берілген сөздерден жануарларға арнайы қойылған атауларды атау.
Негізгі ұғымдар: жалқы есім және жалпы есім
Жалқы есім
- Кісі аттары: Абай, Ақан, Біржан
- Жер-су атаулары: Атырау, Алтай, Арқа
- Жануарларға арнайы қойылған аттар: Құлагер, Бөрібасар, Ақтабан
Жалпы есім
- Адамға қатысты жалпы атаулар: ата, әке, аға
- Жалпы зат атаулары: орындық, теледидар, шкаф
- Жануар атаулары: сиыр, түйе, ешкі
Есте сақта: жалқы есім белгілі бір адамға, жерге немесе нақты атауға қатысты айтылады; жалпы есім біртектес заттар мен ұғымдардың ортақ атауын білдіреді.
V. Жаңа сабақты меңгерту
«Тұлғаны таны» ойыны (1-жаттығу)
Ойын арқылы тапсырманы орындау және аталған батырлар туралы қысқаша әңгімелеу.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Жинап алып күш.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
VI. Түсінгенін тексеру
Күннің ретін жазу
Дәптерге күннің ретін жазу.
Көркем жазу
Б әрпін көркем жазу.
2-жаттығу
Мәтінді оқып, жалқы есімдерді теріп жазу.
Бейнесөз (жасырылған сөздер)
Кісі аттары (үлгілер)
- Біржан
- Естай
- Ақан
Жер-су аттары (үлгілер)
- Сырдария
- Алатау
- Ақтау
- Көкшетау
3-жаттығу
Алдымен кісі аттарын, содан кейін жер-су аттарын жазу:
Шығармашылық жұмыс (4-жаттығу)
А әрпінен басталатын қала атауларын тауып, дәптерге жазу.
Жұмбақтар
Ел атауларын тап
Аралайық әлемді,
Берем дерек, дәлелді.
Табыңдаршы өздерің,
Жұмбақтадым қай елді?
Тундрасы бар ел.
Жауабы: Ресей
Базары көп, тола адам, ала тақия, ала шапан.
Жауабы: Өзбекстан
Мұнараны ең алып, алған қайсы ел салып?
Жауабы: Франция
Шайы мен пілі бар ел.
Жауабы: Үндістан
Заттар мен туыстық атаулар
Таудан түссем тоқтауды білмейді, тауға қарай тартсам да жүрмейді.
Жауабы: шана
Табаныма байладым, қос аяқпен айдадым.
Жауабы: шаңғы
Суға батпайды, отқа жанбайды.
Жауабы: мұз
Маған да, саған да жақсы туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы — өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың, айтады кәне кім атын?
Жауабы: ата, ана, апа, аға, іні
6-жаттығу
Өлеңде қандай жалпы есімдер туралы айтылған? ағаш, бал.
Сөздік сынақ хат
көлеңке, жұлдыз, Жамбыл, көрме, Семей, құрт, қол
Тапсырма: осы сөздердің ішінен жалпы есімдерді сызып белгіле.
VII. Бекіту және қорытындылау
Жалқы есім
- Кісі аттары
- Жер-су аттары
- Жануарларға арнайы қойылған аттар
Жалпы есім
- Кім? Не? сұрақтарына жауап береді
- Жалпы зат атауларын білдіреді
- Зат есімнің бір түрі ретінде танылады
VIII. Үй тапсырмасы
5-жаттығу орындау және ережені жаттау.
IX. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне және жұптық/топтық жұмысқа қатысуына қарай бағалау жүргізіледі.