Жұмбақ жасыру
Сабақ туралы мәлімет
Автор
Орал қаласы, Казталов ауданы, «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі — Аяп Гаухар Досболатқызы.
Тақырыбы
«Мысық» (сіріңке қораптарынан құрастыру).
- Білім беру саласы
- Таным
- Бөлімі
- Құрастыру
Қостілділік компоненті
Мысық
кот — cat
Марғау
котенок
Мақсаты
- Сіріңке қораптарын пайдаланып, мысықтың бейнесін құрастыруға үйрету.
- Желімдеу, қағазды қиып жапсыру дағдыларын бекіту.
- Ұқыпты жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
- Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Дайындық
Алдын ала жұмыс
Тәрбиеші балаларға сіріңке қораптарынан жасалған басқа да бейнелерді көрсетіп, үлгі ретінде таныстырады.
Әдіс-тәсілдер
Қажетті құрал-жабдықтар
Сіріңке қораптары
негізгі құрастыру материалы
Түрлі түсті қағаз
әшекейлеу, деталь жасау
Желім
бекіту жұмыстары
Қайшы
қиып алу
Іс-әрекет кезеңдері
1) Қызығушылықты ояту кезеңі
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
2) Ұйымдастыру-ізденіс кезеңі
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: егер жұмбақтың шешімін тапса, әрі қарай қызықты ертегі тыңдайтынын айтады.
Жұмбақ
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тоны шұп-шұбар.
Бұл не?
Ертегі
Ерте, ерте, ертеде... алыс, алыс өлкеде Ақмамық деген мысық өмір сүріпті. Ол аппақ, әдемі, сүйкімді екен, бірақ достары жоқ болыпты. Бір күні Ақмамық терезе алдында отырып, далада тату ойнап жүрген өзі сияқты мысықтар тобын көріпті. Содан бастап ол да өзіне дос іздеуге бел буады.
Ақмамық көп жерді аралап, кішкентай балалардан көмек сұрайды. Сөйтіп жүріп, «Ақбота» деген балабақшаға да барады, бірақ олар көмектесе алмайды. Енді Ақмамық бүгін бізге келіп, сендерден көмек сұрап отыр.
Сұрақ
Балалар, Ақмамыққа көмектесеміз бе?