Сұхбаттасудың түрлері
Сабақ тақырыптары
-
1-тақырып
Сұхбаттасу. Бұйрықты сөйлем.
-
2-тақырып
Мен және менің досым.
-
3-тақырып
Менің досымның мінезі.
-
4-тақырып
Екі дос.
Сынып
9-сынып
Негізгі бағыт
Сұхбаттасу және бұйрықты сөйлем тақырыбын меңгерту.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға бұйрықты сөйлем туралы нақты мағлұмат беру.
Дамытушылық
Сөйлем түрлерін ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге тәрбиелеу.
Қажетті жабдықтар
- Оқулық
- Презентация
- Үлестірме материал
- Тірек сызба
- Ноутбук
- Үнтаспа
I. Қызығушылықты ояту және психологиялық ахуал
Жаттығулар
- Әнұран орындау.
- «Сен, мен және бәріміз» өлеңін айту.
Талқылау сұрақтары
- Біз не істедік? Неге солай ойлайсыздар?
- Сұхбаттасудың қандай түрлері бар?
II. Мағынаны ашу
Білу: жаңа сөздер
- Сұхбат
- әңгіме, сөйлесу (беседа, разговор)
- Сұхбаттасты
- әңгімелесті (беседовал, разговаривал)
- Дәстүрлі сұрақтар
- қалыптасқан, жиі қойылатын сұрақтар (традиционные вопросы)
Тыңдалым
Үнтаспадан мәтін тыңдатылады.
- Сабақтың тақырыбы қандай?
- Неге солай ойлайсыздар?
Түсіну: сұрақ-жауап және ойлану
Көңіл күйді білдіру
Смайликтер арқылы оқушылар өз көңіл күйін көрсетеді.
Нақтылау
- Тақырып қандай?
- Мақсаты қандай?
Сұхбаттасу туралы
- Сұхбаттың қандай түрлері болады?
- Нені және не арқылы сұхбаттастыруға болады? (телефон, ақпарат құралдары және т.б.)
- Сұхбаттың тақырыптары қандай болуы мүмкін? (үгіт-насихат, жаңалық және т.б.)
Бұйрықты сөйлем: негізгі тіректер
Жұрнақ арқылы жасалуы
Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолдары талданады.
Рай арқылы жасалуы
Бұйрық райдың сөйлемдегі қызметі көрсетіледі.
Мағынасына қарай бөлінуі
Ережесі мен мағыналық түрлері түсіндіріледі.
Жедел тапсырмалар
- Бұл тақырып не туралы?
- Көршіңе білгеніңді түсіндір.
- Тақырыптың ең маңызды тұстарын өз сөзіңмен жеткіз.
Қолдану: кластер құрастыру
Жауаптар тексеріледі. Негізгі анықтамаға сүйене отырып, оқушылар бұйрықты сөйлемге қатысты кластер (сызба) құрастырады.
Талдау: тыйым сөздер және бұйрықты сөйлем
Оқулық
147-бет, №2 тапсырма
Тыйым сөздердің бұйрықты сөйлемдерге жататынын дәлелдеп түсіндіру.
Мысал
«Өтірік жылама.»
Түсіндіру
Өтірік жыласа, жаман болады (қайғы шақырады деген түсінік).
Мысал
«Босағада тұрма, есікті керме.»
Түсіндіру
Есікті керсе, үйден береке кетеді (ұрыс-жанжал болады деген наным).
Мысал
«Ақты төкпе.»
Түсіндіру
Сүт төгілсе, ырыс төгіледі (жоқшылық келеді деген түсінік).
Талқылау сұрақтары
- Неге «босағада тұрма, есікті керме» дейді?
- Неге сүтті төгуге болмайды?
- Неге «өтірік жылама» деп ескертеді?
III. Рефлексия
Синтез: өз білімін дәлелдеу
Оқушылар сабақ барысында алған білімін мысалдар арқылы дәлелдеп, қорытынды жасайды.
Бағалау: өз ойыңды негіздеу
- Бұйрықты сөйлем бойынша қысқаша тест.
- Сабақ туралы пікір алмасу: не түсінікті болды, нені нақтылау керек?
Үй тапсырмасы
Тақырып
«Бұйыра сөйлеу мәдениетті талап ете ме?» тақырыбына мақала дайындау.
Қорытынды
Осымен жұмыс барысындағы сұхбатымыз аяқталды.
Мәлімет
Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Черноярка ЖОББМ
Мұғалім: Набиева Б.Қ.