Сутек - химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары
Сабақ тақырыбы
Сутек — химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары.
Білімділік мақсаты
Сутек туралы түсінікті химиялық элемент және жай зат ретінде қалыптастыру; элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту. Табиғатта таралуын және алыну жолдарының ерекшеліктерін өткен тақырыптармен байланыстыра түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты
Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды қайталау арқылы оқушылардың дұрыс шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру, белсенділік пен икемділікті дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, мақсатқа жетуге және ізденімпаздыққа баулу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақ сипаттамасы
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Мұғалімнің түсіндіруі
- Кітаппен өз бетінше жұмыс
- Жаттығулар орындау
- Қорытынды жасау
- Ойын элементтерін қолдану
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылар «шаттық шеңберін» құрып, әрқайсысы өз есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады.
Одан кейін оқушылардың қаламсаптарын жинап, «қаламсап стратегиясы» арқылы екі топқа бөлу жүзеге асырылады: 1-топ — Металдар, 2-топ — Бейметалдар. Әр оқушыға бағалау парағы таратылады, сабақ соңында бағалау парақтары толтырылады.
Негізгі акцент
Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық, ал бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалау және жауапкершілік дағдылары күшейтіледі.
Үй тапсырмасын тексеру (тест)
Өткен тараудағы тақырыптарды қайталау бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін тест тапсырмалары беріледі. Әр оқушы тапсырмаларды жеке орындайды.
Тест тапсырмалары
-
1) Төмендегі тұжырымдардың қайсысы оттекке қатысты емес?
- А) Сутек пероксиді (H2O2) айырылғанда алынады
- Ә) Салыстырмалы молекулалық массасы 32
- Б) Суда жақсы ериді
- В) Су молекуласында оттектің бір атомы бар
-
2) Алюминий оксидінің формуласында алюминийдің индексі:
- А) 1
- Ә) 2
- Б) 3
- В) 4
-
3) Ba + O2 → BaO теңдеуіндегі коэффициенттердің қосындысын тап:
- А) 4
- Ә) 6
- Б) 5
- В) 3
-
4) Кез келген газдың 1 молі қандай көлем алады?
- А) 44,8 л
- Ә) 22,4 л
- Б) 11,2 л
- В) 67,2 л
-
5) «Оттек» атауы латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
- А) Су тудырушы
- Ә) Түтінді газ
- Б) Қышқыл тудырушы
- В) Қопарғыш газ
-
6) Оттек атмосферада қанша пайыз кездеседі?
- А) 21
- Ә) 49
- Б) 57
- В) 65
-
7) Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінде оттек нешінші орында тұр?
- А) 5
- Ә) 1
- Б) 3
- В) 5
-
8) Оттек қанша градуста қатады?
- А) 220
- Ә) 180
- Б) 260
- В) 218
-
9) O3 газының атауы:
- А) Озон
- Ә) Оттек
- Б) Азот
- В) Көміртек
-
10) Ауаның құрамын алғаш рет ашқан француз ғалымы:
- А) М. В. Ломоносов
- Ә) А. Лавуазье
- Б) К. Шееле
- В) Ж. Пруст
-
11) Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар қалай аталады?
- А) Тотығу
- Ә) Тотықсыздану
- Б) Жану
- В) Қосылу
-
12) Құрамында элементтердің біреуі оттек болатын екі элементтен түзілген бинарлы қосылыстар қалай аталады?
- А) Оксидтер
- Ә) Қышқылдар
- Б) Тұздар
- В) Негіздер
-
13) 1785 жылы голланд оқымыстысы ашқан газ:
- А) Оттек
- Ә) Сутегі
- Б) Озон
- В) Көміртек
-
14) Көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар, суда аз еритін зат:
- А) Оттек
- Ә) Сутегі
- Б) Озон
- В) Көміртек
-
15) Оттектің салыстырмалы атомдық массасын тап.
Автор туралы мәлімет
Мекенжай
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ ауылы
Мектеп және мұғалім
Көкбұлақ орта мектебі, химия пәні мұғалімі — Өтемісова Гүлназия Болатбекқызы.
Материал тақырыбы
«Сутек — химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары».