Жеңіс тарихы
Сабақтың тақырыбы
Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, Отанға және халыққа адал қызмет етуге баулу, ел рәміздерін қастерлеуге үндей отырып, халықтың тегі мен тарихын тануға жетелеу. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстаудың мәнін түсіндіріп, нағыз патриот, рухы мықты азаматтық қасиеттерді дәріптеу.
Көрнекілік
- Қазақстан Республикасының картасы
- Мемлекеттік рәміздер
- Отан туралы нақыл сөздер
- Бүктемелер
- Шарлар
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Оқушылар шығармасы
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Жоспар
- Ел тарихы
- Жеңіс тарихы
- Тәуелсіздік таңы
- Қазақстан – XXI ғасырда (оқушылар шығармасы)
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы ұзақ жолында талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықты бастан өткеріп, азап пен қасірет шекті. Бүгін 5 «А» сынып оқушыларының «Менің Отаным – Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатын ұсынамыз.
I. Ел тарихы
Қазына
Өлең жолдары
Егемен елім десе сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді туған елім,
Гүл жайнап қазақ болып тасып өтсем!
Арғы атамыз арыстандай сақтар да,
Ет жүрегі саған сырын ақтарған.
Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,
Сонау шалғай, сол бір шалғай шақтардан.
Түсіндірме
Иә, қайран қазағым… «Мен қазақпын — мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұзақ уақыт түсінсек те, ашып айта алмадық. Оны айту үшін тарихқа терең бойлау керек. Бұл сөздің салмағын, маңызын егемендікке қол жеткізгенде ғана айқын сезіне бастадық.
Сымбат
Ойтолғау
Абзал халқым! Басыңнан не өтпеді сенің?! Ұлт болып шаңырақ көтеріп, дербес мемлекет болған XV ғасырдан бастап, неше өліп, неше тірілдік. XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңғар шапқыншылығы тұсында тарихта мәңгі қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» зұлматының зардабы ше?
Мұғалімнің ескертпесі
Жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңінен кейін «Елім-ай» әні дүниеге келген.
Ұлжалғас
Өлең жолдары
Мына заман қай заман, қысқа заман,
Бақтың құсы алаштан ұшқан заман.
Аспаннан шаң мен топырақ борайды,
Күн суық қаңтардағы қыстан жаман.
Қазақтың қайда жиын-мәрекесі?
Ел, ауыл, жердің кетіп берекесі.
Ханзада, ханым болып өскен ұл-қыз,
Қай елдің болып кетеді келекесі.
Алмат
Өлең жолдары
Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып қақ жолынан таймап едің.
Әуелден ірі едің ғой, ұлы едің ғой,
Шырқырап жұртың үшін осы күнді.
Өр едің, өліссең де беріспеген,
Ер едің, еншісін де бөліспеген.
Ежелден елдігіңе сенген шығар,
Ешкімге залалың жоқ, бейбіт ел ең.
Руслан
Ел иесіз, жер иесіз болған емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Ел басына күн туғанда қол бастайтын батыры, ел бастайтын жетекшісі болмаса, жұрттың еңсесі түседі. Осындай шақта ел тізгінін ұстаған, тарихта үлкен орын алатын тұлға — қазақтың батыр ханы Абылай.
Жақсыгелді
Арнау
Ұлы Абылай, хан ием,
Қорғаным ең, бағым ең.
Қазағым деп жанып ең,
Қазағым деп налып ең.
Қаптап келген жауларды,
Ұлы Абылай хан ием,
Қайтарып салдың бір мәрте.
Қорытынды ескертпе
Хандық дәуірде халықты хан басқарған.