Төсеніш бұйымдары
Сабақтың тақырыбы
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың типі
Жаңа білім беру.
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Сарамандық жұмыс
- Ой қозғау
- Сайыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері, қолданылатын материалдары және орындау техникасы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгертуге жағдай жасау; шығармашылық қиялды, ойлау әрекетін, салыстыру мен талдауды, ептілік пен икемділікті дамыту.
Тәрбиелік
Ұлттық қолөнерді жандандыруға баулу; ісмерлікке, еңбекке, ұқыптылыққа, жүйелі жұмысқа және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, математика, тарих, әдебиет.
Көрнекілігі
Слайд, қоржын, тұтқыш, тұскиіз, бағалау парағы, дайындамалар, топтамалар, нұсқау картасы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Бөшкеден шыққан бас қатырғыштар»: топ мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмір алып, сәйкес үй тапсырмасы мен қайталау тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Шығармашылық жоба дегеніміз не?
- Химиялық талшық дайындайтын шикізат қандай?
- Кестедегі шалу түрлерін атаңыз.
- Химиялық талшықтардың қасиеттері қандай?
- Тоқу кезінде ілгек бізді қалай ұстау керек?
- Қандай талшықтарды «синтетикалық» деп атаймыз?
- Шалмалы бағаншаны қалай тоқимыз?
- Жасанды және синтетикалық талшықтан алынатын маталарды атаңыз.
- Тоқу үшін қолданылатын иірім жіп түрлерін атаңыз.
- Қандай талшықтарды «жасанды» деп атаймыз?
III. Жаңа сабақ
Қазақ қолөнері мен ұлттық өнердің бір бөлігі өткеннің еншісінде қалып, кейбір бұйымдарымыз ұмыт бола бастады. Кейде олардың өзін мұражайдан да кездестіру қиын. Сондықтан ұлттық қолөнерді танып-білу, сақтау және жаңғырту — маңызды міндет.
Материалдары бойынша жіктелуі
Қазақтың қолданбалы өнері дайындалатын материалына қарай ағаштан, сүйектен, теріден, металдан және тоқыма (текстиль) материалдарынан жасалған бұйымдар болып бөлінеді.
Ұлттық бұйымдар түрлері
- Киіз
- Тұскиіз
- Текемет
- Сырмақ
- Қоржын
- Алаша
- Аяққап
- Тұтқыш
- Ою-өрнек, құрақ құрау
Ағаш бұйымдары
Сандық, кебеже, адалбақан.
Зергерлік бұйымдар
Сырға, білезік, сақина, бойтұмар.
Өлең жолдары
Қолөнер — құрақ құрау, ою-өрнек,
Атты баптап, ер-тұрман, қамшы өрмек.
Салт-дәстүрі ешкімге ұқсамаған,
Қазақта ғой байлаған жіпті күрмеп.
Қазақта қолөнердің кереметі,
Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.
Қандай шебер, қазақ қыздары, айтыңдаршы,
Құрақты, оюлауды дөңгелетті.
Бүгін біз ұлттық қолөнер бұйымдарының бір тармағымен — төсеніш және тұрмыстық бұйымдармен танысамыз.
Төсеніш бұйымдары
Тұскиіз
Тұскиіз — сәндік мақсатта төсектің тұсына ілінетін үй жиһазы. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдап алынады. Безендіру үшін түсті барқыт, жібек, шұға сияқты маталардан ою-өрнек қиылып, бетіне тігіледі.
Текемет
Текемет — бетіне түрлі түсті ою-өрнек түсірілген киіз. Өрнек салу үшін жүн боялып, ою үлгісі жасалып, киіз басу әдісімен біріктіріліп басылады.
Сырмақ
Сырмақ — киізден сырып, оюлап жасалатын төсеніш. Көбіне екі түсті киізден оймалап құрастырылады немесе матадан ою басылып, тігістеріне жиек жүргізіліп, сырып тігіледі.
Алаша
Алаша — жүнді иіріп алынған жіптен тоқылатын төсеніш. Жіп әртүрлі түске боялып, өрнекпен тоқылады. Алаша «терме» және «қақпа алаша» болып екіге бөлінеді.
Үй тұрмыстық бұйымдары
Кесеқап
Кесеқап — кесе салатын арнайы қап. Дәстүрлі қазақ қоғамында ол көшіп-қонуға ыңғайланып, басқұрдан немесе былғарыдан жасалған. Кесеқап аяққап пен қолдорба сияқты төртбұрыш пішінде болмайды: ұзындау тоқылған жалпақ басқұрға кесе сыятындай қалташық тігіліп, әр қалтаға кесе салынады. Бұл сындырмай, орауға қолайлы.
Құрылымы мен өлшемі
- Сыртынан байлайтын бауы болады.
- Кейінірек былғарыдан да жасала бастады.
- Биіктігі шамамен 30–35 см.
- Түбінің диаметрі шамамен 10–15 см.
- Жоғарғы бөлігінде шашақталған қақпағы болуы мүмкін.