Туынды сын есімді тап

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы

Абай атындағы жалпы орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі: Байменова Гүлбағила Ғизатқызы

Сабақ тақырыбы

Негізгі және туынды сын есім

Сабақтың мақсаты

  1. Сын есімнің негізгі және туынды болып бөлінетіні туралы түсінік беру; туынды сын есімнің басқа сөз таптарынан жасалатынын меңгерту.
  2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын және сөйлеу тілін дамыту.
  3. Байқағыштыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Талдау
  • Жинақтау

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Венн диаграммасы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.

II. Өткенге шолу

  • Сын есімді еске түсіру.
  • Ережені қорыту.
  • Мысал келтіру.

III. Жаңа материалмен жұмыс

22-жаттығу

Сөздерді салыстырып оқып, сұрақтар қою:

ақыл → ақылды тәртіп → тәртіпті біл → білгіш айна → айнадай

Бірінші сөздер — зат есімдер, ал екінші сөздер — жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер.

IV. Оқулықпен жұмыс

1) Ережемен жұмыс

  • Түсініп оқу
  • Талдау
  • Есте сақтау

2) Жатқа жазу

23-жаттығу: мақал-мәтелді түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. Сын есімдерді табу, сұрақ қою, негізгі ме әлде туынды ма екенін анықтау.

3) Көркем жазу

24-жаттығу: сөздерді көшіріп жазу және туынды сөздерді сөз құрамына талдау:

талапты білімді әдепті ажарлы сәнді саналы көңілді
  • Туынды сын есімдер қай сөз табынан жасалғанын анықтау.
  • Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау.

4) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы сергіту жаттығуларын орындау.

5) Мәтінмен жұмыс

25-жаттығу: мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу; мағынасын ашу; сұрақтар бойынша жұмыс ұйымдастыру.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Мәтін не туралы?
  • Аспан қандай болып тұр?

Тапсырма: сын есімдерді табу және олардың негізгі не туынды түрге жататынын анықтау.

V. Бекіту

Венн диаграммасы арқылы негізгі және туынды сын есімдердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

26-жаттығу

Негізгі сын есімдер

жаңа көк жүйрік

Туынды сын есімдер

әдепті сүтті атақты көктемгі

VI. Қорытындылау

Қорытынды сұрақтар:

  • Бүгін қандай тақырыпты өттік?
  • Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  • Негізгі және туынды сын есімдер туралы не білдік?

Тест жұмысы

  1. Сын есімді тауып белгіле.

    • А) Ақта
    • В) Ағар
    • С) Ақ
  2. Қарсы мәндес сын есімді тап.

    • А) Арлы — берлі
    • В) Ұзын — қысқа
    • С) Құрт — құмырсқа
  3. Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап.

    • А) Не?
    • В) Неше?
    • С) Қандай?
  4. Туынды сын есімді тап.

    • А) Сөзсіз
    • В) Сөзшең
    • С) Сөзге
  5. Сөйлемнен сын есімді тап.

    «Ақбауыр — сүйкімді кірпі.»

    • А) Ақбауыр
    • В) Сүйкімді
    • С) Кірпі

VII. Үйге тапсырма

27-жаттығу. Ережені қайталау және есте сақтау. Оқулық: 189-бет.

VIII. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және тест нәтижесі бойынша бағалау жүргізіледі.

Ескерту: толық нұсқасын жүктеу бөлімі бастапқы мәтінде көрсетілген, алайда сілтеме берілмеген.