Оқушыларға ата ана алдындағы парыздары мен қарыздары жайлы түсінік беру
Тәрбие сағаты (3-сынып)
Тақырыбы: «Айналайын — анашым»
Мақсаты
- Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу.
- Ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
- Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
- Ата-ана алдындағы парыз бен жауапкершілік туралы түсінік беру.
Көрнекілігі
- Сынып бөлмесін мерекеге сай безендіру.
- «Ана — өмір себуші» тақырыбындағы буклеттер.
- Қанатты сөздер мен нақылдар.
Құрметке арналуы
Бұл тәрбие сағаты 8 наурыз мерекесі қарсаңында аналарға, ұстаздарға және қыздарға арналады.
Еске салу: Анаңды Меккеге көтеріп апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың.
Сабақтың жүру барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі: психологиялық дайындық
Ананың көңілі — балада,
Баланың көңілі — далада.
Анаңды Меккеге көтеріп апарсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қыздар! Сіздерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.
Бүгін сіздердің алдарыңызда 3 «Г» сынып оқушыларының «Айналайын — анашым» атты ашық тәрбие сағаты өтеді.
Ана — мейірім мен шапағаттың ең жылы атауы. Үш-ақ әріптен құралған осы қасиетті сөздің түбінде қаншама ұлы сезім жатыр. Жақсылық атаулының бәрі ананың ақ сүтінен таралған десек, артық емес.
Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатын асыл аналарға, қадірлі апайларға және қызғалдақ қыздарға арнаймыз.
Оқушылардың өлең жолдары
1-оқушы
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген асыл жандар — бұлақтай,
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тоңатпай.
2-оқушы
Ана десем, сезім білер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
3-оқушы
Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі — дәл әжем.
Аман болса, көреді
Қызығымды әлі әжем.
Менің әжем — нар әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені — дәрі әжем.
Ән
«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» (хор)
Ескерту
Орындау бөлімі сабақтың жоспарына сай ұйымдастырылады.
Жүргізуші сөзі: «Ана» ұғымы
«Мама» сөзі әр халықтың тілінде бар. Қай тілде айтылса да, мейірімді әрі жылы естіледі. Ана — әлемнің жан дүниесі, тіршіліктің ұлы тірегі.
Ана сөзі бізді әрдайым жылылық пен шуаққа бөлейді.
Жалғасы: өлеңдер мен сахналық нөмірлер
4-оқушы
Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады.
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ол ұшпайды?
Әрбір қыз, әр бала
Анасына ұқсайды.
5-оқушы
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғамын.
6-оқушы
Айналайын, анашым,
Әлпештеген мамашым.
Еркелетіп өскен біз
Анадайдың баласын.
7-оқушы
Өзіңсің, сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
8-оқушы
Бар ана — туған елдің гүлі дер едім,
Анажан, қайғың болса, күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әрбір күнім — өлеңмен тең.
Би
«Вальс»
Жүргізуші сөзі: ананың еңбегі
Әрбір ана — өз баласының сүйікті досы әрі мақтанышы. Біз үшін ананың еңбегі мен ерлігі — үлкен өнеге. Ана махаббаты адамға қанат бітіріп, күш береді.
Қорытынды бөлім: өлеңдер мен нөмірлер
9-оқушы
Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгеленген дүниеде,
Жан ана, кім бар сендей қымбат маған?
10-оқушы
«А» дегенің — ана ғой,
Ана деген — дана ғой.
«Б» дегенің — бала ғой,
Жұмсаса, анаң бара ғой.
Би
Үнді биі
Орындайтын: Аружан
11-оқушы
Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы.
Таусылмасын әрдайым
Отбасының саулығы.
12-оқушы
Жер бетінде тіршіліктің ең асылы — сен ғана,
Мейіріммен, қуанышқа, шапағатқа бөленген.
Ардақтымсың, аяулымсың, қамқоршымсың, жан ана.
13-оқушы
Ана — өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала — оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар әрдайым тыныштықты тілеген.
Қорытынды сөз
Ана — адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірімнің, достық пен туыстықтың туын тіккен жан. Адам баласы ең алдымен ана алдында қарыздар.
Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын толық өтей алмайсың. Ана алтынға бөлеп, ақ орда салуды қаламайды — ана баласының азамат болып, адам болып өсуін қалайды. Анаға бұдан артық сый жоқ.
Алғыс
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рақмет!