Қайырлы таң, Қайырлы түн
Қарапайым математика: “Ғажайып математика”
Бұл сабақ балалардың есеп шығару дағдыларын ойын арқылы дамытуға бағытталған. Сабақ барысында есте сақтау қабілеті нығаяды, танымдық қызығушылық пен шығармашылық белсенділік артады.
Сонымен қатар ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және адамгершілікке тәрбиелеу көзделеді.
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз біз ақ таңның
Қуанышын, шаттығын.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Қуанышты күн бүгін.
Сәлеметсіздер ме! Қош келдіңіздер!
Тапсырмалар мен ойындар
2-тапсырма: Сандарды ретімен санау
Тура санау
0 1 2 3 4
Кері санау
4 3 2 1 0
Пішіндерді тану
Бұл қандай пішіндер?
- Төртбұрыш
- Үшбұрыш
- Шеңбер
“Көршісін тап” ойыны
Берілген сандардың көршілерін табыңдар:
0 … 2 … 4
“Кім білгіш?” ойыны
Қай жолақ ұзын, қай жолақ қысқа екенін анықтаңдар.
Тапсырма: екі жолақты салыстырып, “ұзын” және “қысқа” деп белгілеңдер.
Сергіту сәті
Цифрлар қайда жасырынған? Зейін қойып табыңдар.
Кім тез есептейді?
1-есеп
Ақ балапан, сары балапан, шұбар балапан, қара балапан. Барлығы неше балапан?
2-есеп
Алма ағашта 4 алма. Төртеуін де жеп қойсам, онда неше алма қалады?
3-есеп
Аулада 2 үйрек бар. Қорада 1 үйрек. Тағы 1 үйрек тығылды. Қалғаны неше үйрек?
4-есеп
Бір-бірімен жарысқан: бір аю, бір арыстан, екі қоян, үш түлкі. Бәрі нешеу? Ойлан да тап!
5-есеп
Табақта 2 өрік, қолымда 2 өрік. Екеуін қосқанда барлығы неше өрік болады?
Қорытынды тапсырма: санамақ
Мені келсе білгің,
Мен таяқша — бірмін.
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрамын.
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын, шырағым.
Салыстыр
Заттардың санын, көлемін немесе ұзындығын салыстырып, “артық”, “кем”, “тең” ұғымдарын қолданыңдар.
Бағалау
Балалардың белсенділігі, жауап беру жылдамдығы және тапсырмаларды орындау дәлдігі бойынша қорытынды жасалады.
Қосымша мәлімет
- Топ
- Шағын орталық тобы
- Тәрбиеші
- Капанова Айнагүл Аманкелдіқызы