Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы Мақсаты

Тақырыбы

Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы

Мақсаты

Жас ұрпақты ел тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарды құрметтеуге үйрету; адамгершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру арқылы Отанды сүюге және қорғауға тәрбиелеу. Отан, туған ел, туған тіл туралы өлеңдер оқу.

Көрнекілігі

  • Слайд
  • Буклет
  • Бейнетаспа: «Желтоқсан желі» деректі бейнефильмі

Мұғалімнің сөзі

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Біздің сыныбымыздың «Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Тәуелсіздіктің бағасы

Тәуелсіздік жолы — оңай жол емес. Бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Еліміз бүгінгі күнге дейін талай қиын-қыстау, даңқты белестерден өтіп келді. Сондықтан тәуелсіздігіміздің мәні айрықша, бағасы теңдессіз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрдайым биік болсын!

Тарихқа тағзым

Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман етті. Кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған ерлердің аманатын орындау үшін талай боздақ жанкештілікке барды.

Ел қорғаған ерлер

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды қаһармандар — ел қорғауды ұран еткен, сол жолда жанын қиып, халық құрметіне бөленген тұлғалар.

Желтоқсан рухы

Езгі күшейіп, тіліміз бен дінімізден айырылу қаупі төнген шақта Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова секілді қыршын жастар құрбандыққа барды. Сол ерліктің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болдық. Бұл — халық жадынан өшпейтін тағылым.

1986 жылғы оқиға

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін сан түрлі сыннан өтті. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Алайда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халық жадында мәңгі сақталады: 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстанның тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні ретінде тарихқа алтын әріппен жазылды. Сондықтан Желтоқсан — бүкілхалықтық мереке.

Үнсіздік сәті

Желтоқсанда шейіт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Оқушылардың тәуелсіздікке арналған өлеңдері

Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
— Таңатарова Алтынай
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік — Қайрат, Ләззат, Ерболдың
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
— Асанова Гүлжауар
Жеттік, міне, осы күнге көптен бері аңсаған,
Ата-баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған.
Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын,
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын.
— Алпамысова Гүлжайна

Шығармашылық бөлім

Би

Қазақ биі

Бейнематериал

«Желтоқсан желі» бейнефильмі