Ньютон тобы
Кештің ашылуы
Жүргізушінің сөзі
«Уа, жараңдар, жараңдар! Бәрің бері қараңдар, бәріңе жар салайық. Бүгінгі кеш төрінде физика–астрономия елінде есеп шешіп жарысып, жұмбақ шешіп аңдысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді кеш жасайық. Асып әсте саспайық, батыл қадам жасайық. Қане, енді бастайық!»
Шақыру
«Шақырамыз, келіңдер жарысуға, күш, өнер, біліммен алысуға. Бар өнерді салайық ортамызға — кәнеки, кім шығады сайысуға!»
«Ендеше, құрметті көрермендер, “Жұлдызды сәт” атты физикалық кешімізді тамашалайық!»
Ойын құрылымы
Ойын 6 турдан тұрады. Әр кезеңде білім, жылдамдық, логика және шығармашылық қабілет сыналады.
I тур — Таныстыру, эмблема қорғау
Әр топ басшысы өз командасын таныстырып, эмблемасының мағынасын қорғайды.
II тур — Блиц-турнир
Әр топқа 11 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап үшін 1 жұлдызша беріледі.
III тур — «Қанша тілді білесің?»
Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту керек: қазақша, орысша, ағылшынша. Қай топ бірінші болып жауап берсе — ұпай сол топқа.
IV тур — «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»
Үй тапсырмасы ретінде әр топ 2 тәжірибе жасап көрсетеді және оның физикалық мәнін түсіндіреді.
V тур — Сөзжұмбақ эстафетасы
Топтарға сөзжұмбақтар мен ребустар ұсынылады. Олар орындап жатқанда «Көрермендер көрімдігі» кезеңі өткізіледі.
VI тур — Раундровер
Топ басшылары маркермен физикалық шамаларды жазады. Топтарға бірдей деңгейдегі есептер беріледі. Кім көп жазып, көбірек есеп шығарса — жеңімпаз.
II тур: Блиц-турнир сұрақтары
Бұл бөлімде әр топқа арналған 11 сұрақтан тұратын қысқа әрі жылдам кезең ұсынылады.
«Ньютон» тобы
- Табиғат туралы ғылым: физика.
- Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыстар табиғи құбылыстар ма? Жоқ, бұлар — физикалық құбылыстар.
- Заттың үш күйі: қатты, сұйық, газ.
- Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжам ұсынған: Франклин.
- Қараңғы бөлмеге кіргенде алдымен нені жағасың — майшамды ма, газды ма? Сіріңкені.
- Ұзындықтың ХБЖ бірлігі: метр.
- Күн шығатын жақ: шығыс.
- Кемпірқосақтағы түстер саны: 7.
- Теректегі алма қашан гүлдейді? Теректе алма өспейді.
- Мензурка: сұйық көлемін өлшейтін құрал.
- Жай көзге көрінбейді, қозғалыстан ерінбейді: молекула.
«Коперник» тобы
- Аспан денелерін зерттейтін ғылым: астрономия.
- Жылу құбылысына мысал: Күннің сәуле шығаруы, болаттың балқуы.
- Табиғатты зерттеудің үш әдісі: бақылау, эксперимент, теория.
- Айға алғаш аяқ басқан астронавтар: Н. Армстронг, Э. Олдрин.
- Адамға көзілдірік қашан қажет емес? Ұйықтағанда.
- Көк шарфты суға салсаң не болады? Су болады.
- Уақыттың ХБЖ бірлігі: секунд.
- Күн бататын жақ: батыс.
- Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? Жетіқарақшы.
- Кеседегі суды түгел ішіп қойсақ, ішінде не қалады? Ауа.
- Астрономиядағы негізгі зерттеу құралы: телескоп.
«Паскаль» тобы
- Заттың ең ұсақ бөлшегі: атом.
- Бақылау дегеніміз: құбылысты мақсатты түрде қадағалау.
- Күн мен түннің көктемдегі теңелуі: 22 наурыз.
- 1 кг зат массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? Бірдей.
- Күн жүйесіндегі ең ірі планета: Юпитер.
- Молекулалардың бір-біріне ену құбылысы: диффузия.
- Темір: металл.
- «Көкке қараған жұлдыз санаған» (құрал): телескоп.
- Атом: ең кіші бөлшек.
- Температураны өлшейтін құрал: термометр.
- Көлемін де, пішінін де сақтамайтын зат: газ.
«Физиктер» тобы
- Астрономияны физикалық әдістермен зерттеу: астрофизика.
- Жылдамдықтың өлшем бірлігі: м/с.
- Ғылыми деректермен негізделген жорамал: болжам.
- Температураның өлшем бірлігі: градус.
- Ең қатты дене: алмаз.
- Заттың үш күйінде де бола алатын зат: су.
- Пішін мен көлемді сақтайтын күй: қатты.
- Күнге ең жақын планета: Меркурий.
- Коперник ашқан жүйе: гелиоцентрлік жүйе.
- Тең уақыт аралығында тең жол жүру: бірқалыпты қозғалыс.
- Темір: металл.
III тур: «Қанша тілді білесің?»
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — дегендей, бұл турда жұмбақтардың шешуін үш тілде айту қажет: қазақша, орысша, ағылшынша. Қай топ бірінші болып белгі берсе — ұпай сол топқа беріледі.
Жұмбақтар (1–6)
-
Аса қажет өмірге, халық үшін, пайдаланады күн сайын жарық үшін.
Жауабы: ток — ток — energy
-
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.
Жауабы: сызғыш — линейка — ruler
-
Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды.
Жауабы: мұз — лёд — ice
-
Бар ма, жоқ па — оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Жауабы: ауа — воздух — air
-
Керегенің басында кетпен жаулық, «кет» десем де кетпейді, неткен жаулық.
Жауабы: күн — солнце — sun
-
Жердің жүзін шарлайсың, онсыз еш жерге бармайсың. Көлікпен де, жаяу да — саралайсың, таңдайсың.
Жауабы: жол — дорога — road
Жұмбақтар (7–11)
-
Көп болса, азықпайсың, мезеттен қашықтайсың. Асықсаң аз болады — табасың мұны қайсың?
Жауабы: уақыт — время — clock
-
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, тағы да бір белгісіз шама шықты. Ол болмаса денелер қозғалмайды.
Жауабы: жылдамдық — скорость — speed
-
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.
Жауабы: су — вода — water
-
Қайық мініп биікте жолығайық, көз көрімде кетеді болып ғайып.
Жауабы: ұшақ — самолёт — aircraft
-
Қуып едім — мойнын бұрмады, ұстайын деп едім — қолға тұрмады.
Жауабы: боран — буран — snowstorm
IV–VI турлар және көрермендер кезеңі
IV тур — Тәжірибелер
Әр топ үйден дайындап келген екі тәжірибесін көрсетіп, нәтижесін және құбылыстың физикалық түсіндірмесін береді.
V тур — Сөзжұмбақ және ребус
Үш топқа бірдей сөзжұмбақтар мен ребустар беріледі. Командалар орындап жатқанда көрермендерге сұрақтар қойылады.
Жүргізушінің кіріспе өлеңі (V тур алдында)
«Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін, есеп-қисап, сан, цифр термек үшін. Көрсетіп есептеудің жолын қалай, келдім айтып, оларды бермек үшін».
Осыдан кейін командаларға сөзжұмбақ және ребустар ұсынылады, ал залмен «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.
VI тур — Раундровер
Топ басшылары физикалық шамаларды жазып жарысады, командалар есеп шығарады. Ең көп жазып, ең көп есеп шығарған топ жеңіске жетеді.
Бастау белгісі
«Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық!»