Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Негізгі деректер

Білім беру салалары
Қатынас
Бөлім
Тіл дамыту
Тақырып
Сөз. Буын

Қолданылатын ресурстар

  • Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын.
  • Көрнекіліктер: суреттер, жұмбақтар, буындар, ойыншықтар және т.б.
  • Жаңа сөздер: көрсетілмеген.

Мақсаты

Білімділік

  • Сөз, буын, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру.
  • Сөздің дыбыстардан құралатынын және сөзді бірнеше бөлікке бөлуге болатынын ұғындыру; ол бөлік буын деп аталатынын меңгерту.
  • Сөз әрдайым белгілі бір нәрсе туралы айтылатын ойды білдіретінін түсіндіру.
  • Сөздердің бір буынды және көп буынды болатынын түсіндіру.
  • Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.

Дамытушылық

Баланың ойлау қабілетін және өз пікірін анық, жүйелі айту дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Балаларды мәдениеттілікке, бір-бірін тыңдауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Әрекетті туындату, түрткі болу

Балалар, дауысты дыбыстарды созып айтамыз. Мысалы, «А» дыбысын ұзақ айтуға болады — дауысымыз еркін шығады. Ал «Л» дыбысының айтылуы қысқа.

Тәжірибе

Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы бар ма?

«Л» дыбысы созылып айтылмайды, ол — дауыссыз дыбыс.

Енді осы дыбыстардан сөз құрайық. «А» дыбысы мен «Л» дыбысын қосып айтсақ, «АЛ» шығады. Демек, «АЛ» деген сөз пайда болды.

Негізгі қорытынды: Сөз дыбыстардан құралады. Сөз — адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Сөзді адамдар ойлап табады.

2) Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

Мен қазір бір дыбысты айтамын, ал сендер сол дыбысқа басқа бір дыбыс қосып, сөз құрайсыңдар.

Мысал

Мен «У» дыбысын айттым.

Енді оған «А» дыбысын қосып айтсақ, «АУА» деген сөз шығады.

Қорытынды: Дыбыстарды қосу арқылы сөз жасаймыз. Осылайша сөздің құрылымын тәжірибе жүзінде байқап үйренеміз.

Жұмыс түрі

Енді тақтадағы суреттерге назар аударайық. Осы суреттер бойынша әңгіме құрастырамыз.

Кілт ұғымдар

  • Сөз

    Дыбыстардан құралады, ойды білдіреді.

  • Дыбыс

    Дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.

  • Буын

    Сөздің бөлігі; дауысты дыбыстар санына байланысты.