Тарлан тобынына мақалдары

Сабақ туралы мәлімет

Оқытушы

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы — Маширова Анар Қалымжанқызы.

Сабақтың тақырыбы

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» (сайыс-сабақ)

Сабақтың түрі

Сайыс-сабақ.

Сабақтың әдістері

  • түсіндіру
  • аудару
  • тексеру

Көрнекілігі мен жұмыс түрлері

көрнекілік сұрақ-жауап өз ойын айту шығармашылық жұмыс мәтін құрастыру үлестірме дидактикалық материалдар

Сабақтың мақсаты

1) Білімді бекіту және тексеру

Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау және әртүрлі тапсырмалар арқылы алған білімін бекіту.

2) Ой-өрісті дамыту

Жатталған мақал-мәтелдерді дұрыс айтуға, мағынасын дәл жеткізуге баулу; тілдің көркемдігі мен байлығын таныту.

3) Құрмет сезімін қалыптастыру

Отан, тіл, тілге құрмет туралы ұғымдарды түсінікті деңгейде жеткізу және мемлекеттік тілге деген құрметті нығайту.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ал сабақты бастайық, Терең білім алайық. Бізге келген қонақтарды Құрметтеп қарсы алайық.

Қонақтармен амандасу (амандасудың түрлерін көрсету).

Оқытушының кіріспе сөзі

Құрметті тіл үйренушілер мен әріптестер! Сіздерді Тілдер мерекесімен құттықтаймын. Тіл мәртебесін көтеріп, тіл үйренуде жоғары деңгейге жетулеріңізге тілектеспін.

Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де, бұл — дұрысы: Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Бүгін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты сайыс-сабақ өткіземіз. Сабақ соңында «Қазақ тілінің білгірі» анықталады.

Командалар және әділқазылар

Командалар

  • «Тарлан» тобы
  • «Алғыр» тобы

Команда атауы жеребе арқылы анықталады, капитан таңдалады.

Әділқазылар алқасы

  • Тілдерді оқыту орталығының директоры
  • Тілдерді оқыту орталығының әдіскері
  • Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

Сайыс кезеңдері (8 кезең)

I кезең: Ой қозғау

Әр топ 10 сұраққа жауап береді.

«Тарлан» тобының сұрақтары

  1. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
  2. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
  3. Аптада неше күн бар? Күндердің аттарын атаңыз.
  4. Жыл мезгілдері нешеу? Атап айтыңыз.
  5. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыз.
  6. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
  7. «Ата-ана» сөзінің синонимін атаңыз.
  8. «Я живу в независимом государстве» сөйлемін аударыңыз.
  9. «Немере» деген кім?
  10. Кенже — отбасындағы қандай бала?

«Алғыр» тобының сұрақтары

  1. Қазақ тілінде неше төл дыбыс бар?
  2. Тілдер мерекесі қай айда тойланады?
  3. Бір жылда неше ай бар?
  4. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай?
  5. Қазақ халқының ұлттық сусындарын атаңыз.
  6. Етістік қандай сұраққа жауап береді?
  7. «Туысқан» сөзінің синонимін атаңыз.
  8. «Казахстан — многонациональное государство» сөйлемін аударыңыз.
  9. «Жиен» деген кім?
  10. Тұңғыш — отбасындағы қандай бала?

II кезең: «Сыңарын тап» (мақал-мәтел)

Түсіп қалған бөлігін тауып, мақалдарды толықтырыңыз.

«Тарлан» тобы

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса — бас жарады.
  2. Жақсы сөз — жарым ырыс.
  3. Тіл қылыштан — өткір.
  4. Басқа пәле — тілден.
  5. Бас кеспек болса да, — тіл кеспек жоқ.
  6. Жақсы байқап сөйлер, жаман — шайқап сөйлер.
  7. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты — сөз бұзар.

«Алғыр» тобы

  1. Білім кілті — тіл.
  2. Айтылған сөз — атылған оқ.
  3. Тілден артық — қазына жоқ.
  4. Ең ащы да — тіл, ең тәтті де — тіл.
  5. Піл көтермегенді — тіл көтереді.
  6. Тілге құрмет — елге құрмет.
  7. Өнер алды — қызыл тіл.

Сергіту сәті: «Бір адым»

Екі тыңдаушы шығып, белгіленген жерге дейін жүріп отырып кез келген сөздерді үздіксіз айтып жетуі керек. Кім бірінші жетсе — сол жеңімпаз.

III кезең: «Аудармашы»

Берілген мәтінді аударыңыз.

«Тарлан» тобы: «Алматы»

Алматы — Қазақстан Республикасының ірі қалаларының бірі. Алматы — өте әдемі қала. Ол өндіріс, ғылым және мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, 16 жоғары оқу орны, 8 театр, 13 мұражай бар. Қала маңындағы әсем жерлерде емханалар, демалыс үйлері және Медеу мұз айдыны орналасқан.

Сөздік

  • өндіріс — промышленность
  • мұражай — музей
  • мәдениет — культура

«Алғыр» тобы: «Біздің мекеме»

Біздің мекеме үлкен. Онда көп қызметкер жұмыс істейді. Біздің мекемеде 12 бөлім бар. Әр бөлімде 7 маман істейді. Мен жоспарлау бөлімінде жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Бұл мекемеде көп жылдан бері еңбек етіп келемін. Мекемеміздің адамдары білгір, іскер. Біздің мекеме Ж. Жабаев көшесінде орналасқан.

Сөздік

  • мекеме — учреждение
  • жоспарлау — планировать
  • іскер — деловой

Мұғалімнің сөзі

Өнерліге кім жеткен, Әр салада небір өнер көрсеткен. Төртінші кезеңді бастайық, Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.

IV кезең: «Тапқырлар»

Берілген сөзден бірнеше сөз құрастырыңыз.

«Тарлан» тобы

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ (удовлетворительный)

«Алғыр» тобы

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ (простота, обыденность)

Жүргізуші сөзі

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

V кезең: «Мақалдар сайысы»

Қай топ ең көп мақал-мәтел айтады?

VI кезең: «Кім жылдам?»

Тақтада екі командаға екі сөз беріледі. Сол сөздерге қатысты мүмкіндігінше көп сөз тіркесін жазыңыз.

«Тарлан» тобына

ТІЛ

«Алғыр» тобына

ҰЛТ

VII кезең: Капитандар сайысы

Капитандарға екі тақырып беріледі. Әр капитан өз тақырыбы бойынша ауызша шағын әңгіме құрайды.

«Тарлан» тобы капитаны

«Менің жұмысым»

«Алғыр» тобы капитаны

«Менің қалам»

VIII кезең: Қорытынды

Бүгінгі «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты сайыс-сабағымыз аяқталды. Сабақ барысында тіл туралы көптеген мақал-мәтел айтылып, түрлі тапсырмалар орындалды. Сайысқа белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Әділқазылар шешімі

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Қазақ тілінің білгірі» — «Тарлан» тобы. Жеңімпаз топ Алғыс хатпен марапатталады.