Сабақ мақсатын айтқызу
Сабақ тақырыбы
Қазақ әдебиеті, 10-сынып. Тақырып: Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдері (слайд арқылы).
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы мәлімет беру; өлеңдерін талдау арқылы мазмұнын ашу.
Дамытушылық
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін және өзіндік ізденісін дамыту. Ой қорыту дағдыларын, әдеби тіл байлығын, есте сақтау қабілетін және көркем сөз оқу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік
Жақсы мен жаманды ажырата білуге, жамандықтан аулақ болуға, сабырлылыққа тәрбиелеу.
Негізгі ақпарат
Сабақтың міндеттері
- Зейін қойып тыңдау.
- Мәнерлеп оқу.
- Өнегелі білім алу.
Сабақ әдістері
- Сұрақ–жауап.
- Сатылай кешенді талдау.
- Модульдік талдау.
- Екі жақты күнделік.
- Еркін жазу стратегиясы.
Көрнекіліктер
Слайд, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы, плакат.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, әдебиет теориясы, өмірмен байланыс.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Амандасу, түгендеу.
- 2 Танысу: «Балалар, бүгін мен ________________ сіздерге сабақ өткіземін. Бүгін топпен жұмыс жасаймыз». Топ басшысын сайлау. Топ басшысы бағалау парағы бойынша топ мүшелерін бағалап отырады. Әр тапсырма сайын топтан бір оқушы сөйлейді.
- 3 «Білім туралы» мақал-мәтел айтқызу арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру
Н. Орманбетұлының өлеңін жатқа айту және талдау.
Жаңа сабақ
- 1 Тақырыпты ашу: слайдта көрсетілген сурет пен өлең жолдары арқылы.
- 2 Сабақ мақсатын оқушыларға айтқызу.
- 3 «Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы не білесіңдер?» сұрағы. Оқушылар жауабын тыңдау, қосымша мәлімет беру, слайд көрсету.
Топтық жұмыс: өлеңдерді талдау
Бүгін біз топпен жұмыс жасай отырып, ақынның «Шайтанның саудасы» және «Ғибратнама» өлеңдерін талдаймыз.
1-топ: «Шайтанның саудасы»
- Рөлге бөліп оқу.
- Өлеңге жоспар құру.
- Модульдік талдау.
- Сатылай кешенді талдау.
2-топ: «Ғибратнама»
- Рөлге бөліп оқу.
- Өлеңге жоспар құру.
- Модульдік талдау.
- Сатылай кешенді талдау.
Модульдік талдау үлгісі
Өлеңнің тақырыбы
Тақырыпты анықтау.
Элементтері (кейіпкерлері)
Негізгі кейіпкерлерді/бейнелерді атау.
Элементтердің қасиеттері
Әр элементтің мінездемесі.
Элементтер арасындағы байланыс
Оқиға, тартыс және қарым-қатынасты көрсету.
Нәтиже
Негізгі ой мен тәрбиелік түйін.