Қатырма қағаз дайындау
Мақсаттары
Білімділік
Оқушылардың білімін жүйелеу, шеберлік деңгейін арттыру және әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық
Жұмысты орындаудағы ептілікті дамыту, алған білімді өз бетінше қолдана білуін қадағалау.
Тәрбиелік
Өзге ұлттың өнерін танып-білу, дайын ою-өрнекті талдай алу, сәндік талап қоя білу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- 1 Сәлемдесу, түгендеу.
- 2 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: ою-өрнектің қолданылатын орындары. Ою-өрнек қайда және қандай бұйымдарда қолданылатынын талқылау.
III. Жаңа сабақ
Кілем, дастархан, сәндік ыдыстар сияқты көптеген бұйымдар шеңбер пішінінде кездеседі. Осындай бұйымдардың бетіне ою-өрнек түсіруге болады. Бүгін шеңбер ішіне ою-өрнектерді үйлесімді орналастыруды тәжірибе жүзінде орындап көреміз.
1-кезең: «Сиқырлы ою»
Слайд арқылы шеңбер ішінде берілген ою түрлері көрсетіледі: құсқанат, жұлдыз, түйе табан, сынықмүйіз. Оюдың атауын дұрыс тапқан оқушы сол оюға байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.
2-кезең: «Тапқырлық»
Суреттермен жұмыс: 1–5 және 5–7-суреттердегі шеңбер ішінде бейнеленген ою-өрнекті анықтау, атауын айту.
3-кезең: Сөздерден ою атауларын құрастыру
Берілген сөздерден ою атауларын табу және атауларды дәлелдеп айту:
4-кезең: Практикалық жұмыс
Қағаздан алдын ала қиып дайындалған шеңбердің ішіне ою-өрнектерді орналастырып, жапсыру. Жұмыс басталар алдында қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Орындалу реті
- 1 Қатырма қағазды дайындау.
- 2 Қалауыңша жиегін сәндеу.
- 3 Қатырма қағаздың бояу түсін таңдау.
- 4 Шеңберді қиып алып, бетіне ою түрлерін үйлестіріп жапсыру.
Қорытынды
Шеңбер ішіне ою-өрнекті орналастырғанда үйлесім, тепе-теңдік және симметрия қағидаларын сақтау қажет. Ою элементтері бір-бірімен байланысып, композиция тұтас көрінуі тиіс.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы мақтау және мадақтау арқылы бағаланады.
Үй тапсырмасы
Шеңбер пішініндегі негізге ою-өрнектерді орналастырып, дайын композиция жасап келу.