Жақия кімнің баласы
Психологиялық дайындық
Көзімізді жұмып, өзімізге мына сөздерді айтайық:
- Мен сабақтамын, мектептемін.
- Менің зейінім тұрақты.
- Мен жақсы ойлап отырмын.
Өз біліміңді тексер
Төмендегі тапсырмалар өткен тақырыптарды еске түсіруге көмектеседі.
Тест
-
Ағыбай батыр есіміне қатысты сөзді ата.
- A) Ер жүрек
- Б) Ақжолтай
- В) Батыр
-
Жақия кімнің баласы?
- A) Махамбеттің
- Б) Исатайдың
- В) Амангелдінің
-
Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесіндегі басты кейіпкерлерді ата.
Жауап:
-
«Нүркен», «Батыр Бауыржан», «Комбаттың әңгімесі», «Ту тіккен Рақымжан» әңгімелеріндегі ортақ тақырып қайсысы?
- A) Ұлы Отан соғысы
- Б) Азамат соғысы
- В) Желтоқсан оқиғасы
-
М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңіндегі төрт ананы ата.
Жауап: Туған жер, туған тіл, салт-дәстүр, тарих.
Жұмбақтар
Қыс туралы жұмбақтардың жауабын тауып көрейік.
- Қыста бар да, жазда жоқ.
-
Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды. -
Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр – қатты-ақ. -
Қанаты жоқ – ұшады.
Аяғы жоқ – желеді.
Аузы жоқ – ұлиды.
Сөзжұмбаққа арналған жұмбақтар
-
Қыста ғана болады,
Ұстасаң, қолың тоңады. - Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
-
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.
Абай Құнанбаев туралы қысқаша мәлімет
Абай Құнанбаев 1845 жылы Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысы) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай — тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам.
Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті. Бала кезінен білімге құштар болды: мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқыған. Осы жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.
Абай есімінің шығуы
Көптеген ұлы адамдар ата-әжелерінің тәрбиесінде болған. Абай да әжесі Зеренің тәрбиесінде өсті. Әжесі оған кішкентайынан «абай бол, балам» деп жиі айтқан екен. Содан Абай атанып кеткен.
Ақынның шын аты — Ибраһим.
Абайдың «Қыс» өлеңі: шығу тарихы
«Қыс» өлеңін Абай 1884 жылы жазған. Сол жылы Семей өңірінде қыс қатты болып, ел жұтап, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында ғана еріген.
Сондықтан ақын қысты «ақ киімді, денелі, ақ сақалды» зор тұлғалы адам бейнесінде суреттейді.
Сөздік жұмыс
Төмендегі сөздердің мағынасын дәптерге жазып ал.
- Соқыр, мылқау
- Ештеңені көрмейді, естімейді.
- Домбығып
- Суықтан ісіну, қызару.
- Долданғанда
- Ашуланғанда.
- Үсік шалу
- Үсу, тону.
- Шидем
- Қой жүнінен тоқылған сырт киім.