Сабақтың көрнекілік

Сабақтың тақырыбы

Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • Жаңа дыбыстың дыбысталуын және жазылуын үйрету, әріпке байланысты жаңа сөздер ойлатқызу.

  • Сурет бойынша мазмұнды әңгіме құрастыруға үйрету, балалардың ауызша ойлау дағдыларын дамыту.

  • Дәптерге көркем жазуға дағдыландыру, оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа ақпарат

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Оқулық Баспа материал Кеспе әріптер Интерактивті тақта Жұмбақтар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру және сергіту

Сабақты ұйымдастыру, көңіл күйді көтеру және қысқа сергіту сәтін өткізу.

2) Өткенді қайталау

Өткен тапсырманы еске түсіру және буындарды дұрыс оқу:

құ-лақ
бұ-лақ
дұ-рыс
бұ-рыс
ұ-шақ
құ-шақ
құ-дас
құр-бақа

3) Жаңа ақпарат: «Ү» дыбысы мен әрпі

Жұмбақ

Екі айыр, бір бұтақ,
Жапырақсыз тұр жұтап.
Ойлан, қара дұрыстап,
Қайсы әріпке тұр ұқсап?

Жауабы: Ү

Жұмбақ

Көлде жоқ, гүлде бар.
Нөлде жоқ, күлде бар.

Жауабы: Ү

«Ү» дыбысының айтылуы

Ерін түтікше тәрізді алға созылады, тіл ауыз қуысының түбінде жатады. Тіл ұшы сәл сүйірленіп, жоғары көтеріледі.

«Ү» әрпінің жазылуы

Әріптің баспа және жазба түрін көрсетіп, жазылу бағытын түсіндіру. Жолға дұрыс орналастыруға және сызықтарды біркелкі жүргізуге назар аударту.

Қосымша материалмен жұмыс

Тапсырма

Г-ден баста да кілең — ажарымын өңірдің.
К-ден баста да кілең — қалдығымын көмірдің.

Жауабы: гүл — күл

Тапсырма

Т-дан бастап оқысаң — аты аңыз қу аңмын.
К болса басқы әрпім — езу тартып қуандың.

Жауабы: түлкі — күлкі

4) Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқу.

  • Тізбектей, қатар бойынша оқыту.

5) Ойын: «Ү пойызын жалға»

Оқушылар «Ү» әрпінен басталатын немесе «Ү» дыбысы бар сөздерді тізбектеп айтып, «пойызды» жалғайды.

үй үйрек үзеңгі үйшік үміт үлкен

Дыбыстық талдау (үлгі)

Сөз: үйрек — осы сөзге дыбыстық талдау жасату.

6) Дәптермен жұмыс

Жазу жаттығуы

Ү Ү Ү

Өлең

Сен бақытты ұлансың,
Анаң — күнің, жүрегің,
Әкең — өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

Әжең — асыл ардағың,
Атаң — дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

7) Қорытынды және бекіту

Сұрақтар

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • «Ормандағы қай үйде тұрады?» тапсырмасында «Ү» дыбысын таба алдың ба?
  • Ү дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?

Салыстыру (жұп сөздер)

үн — ұн
үк — ұқ
үр — ұр
үш — ұш
үз