Литосфера тақырыбы бойынша қайталау
6-сынып • Ашық сабақ
Литосфера тақырыбы бойынша қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың жүйелі ойлауын дамыту, өздігінен және топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
- Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге және табиғатты қорғауға тәрбиелеу (қорытынды-қайталау сабағы).
Көрнекіліктер
- •Карта және кескін карта
- •Сабақ жоспары жазылған плакат
- •Жер құрылысының (ішкі, сыртқы) сызбасы
- •Термин сөздердің кестесі
- •Ұлы тұлғалардың аты-жөні жазылған плакат
Сабақтың түрі және пәнаралық байланыс
Сабақ түрі — аралас сабақ. Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет және дене шынықтыру.
Сабақтың барысы
- 1 Өткен сабақ бойынша білім мен дағдыларды тексеру (көрнекіліктер арқылы).
- 2 Тест тапсырмалары (ауызша).
- 3 «Футбол» ойыны (деңгейлік тапсырмалар).
- 4 Картамен жұмыс.
- 5 Терминдермен жұмыс (кесте арқылы).
- 6 «Ұлы тұлғаларды тану» жарысы (топтық жұмыс).
- 7 Сөзжұмбақ және қорытынды.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
Оқушылар төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді:
a) Жердің сыртқы құрылысын атап, топтастырып сипаттама бер.
b) Осы қабаттардың ішінде литосфера дегеніміз қайсысы? Ол қандай мағынаны білдіреді?
c) Жердің ішкі құрылысын атап, топтастырып сипаттама бер.
d) Литосфералық тақта дегеніміз не? Литосфералық тақталар нешеу? Атап шық.
Ескерту: Осы кезеңде әр қатардан үздік оқитын бір оқушы өз қатарының жауаптарын белгілеп отырады.
Ауызша тест (үлестірмелер арқылы)
Мұғалім тест сұрақтарын ауызша оқиды. Оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы A, Ә, Б, В әріптері бар үлестірмелерді көтеру арқылы көрсетеді. Қате жауап берген оқушыға «сары белгі» беріледі.
1) Жердің ең үстіңгі қатты қабаты
- a) Биосфера
- ә) Атмосфера
- б) Литосфера
- в) Гидросфера
2) Еуразия материгіндегі ең биік сөнбеген жанартау
- a) Везувий
- ә) Қазбек
- б) Ключи шоқысы
- в) Килиманджаро
3) Жер сілкіну жиі болатын аймақтар
- a) Жазықтар
- ә) Таулы аймақтар
- б) Ойпаттар
- в) Үстірттер
4) Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап
- a) Нивелир
- ә) Тұсбағар
- б) Сейсмограф
- в) Эхолот
5) Жер сілкіну ошағындағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері
- a) Кратер
- ә) Эпицентр
- б) Жанартау
- в) Гейзер
6) Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ
- a) Лава
- ә) Гейзер
- б) Гнейс
- в) Кратер
7) Химиялық шөгінді тау жынысы
- a) Құмтас
- ә) Әктас
- б) Шағын
- в) Тас тұзы
8) Шөлдерде желдің әрекетінен пайда болатын орақ тәріздес құм төбешіктің аты
- a) Жыра
- ә) Шатқал
- б) Шағыл
- в) Барқан
Деңгейлік тапсырма: «Футбол» ойыны
Енді деңгейлік тапсырмаларды дене шынықтыру сабағынан таныс «Футбол» ойыны арқылы орындаймыз.
Қақпашылар (1-деңгей)
Өте жақсы оқитын оқушылардан — 2 оқушы.
Қорғаушылар (2-деңгей)
Жақсы оқитын оқушылардан — 4 оқушы.
Шабуылшылар
Қосымша қолдауды қажет ететін оқушылардан — 4 оқушы.
Төреші
Өте жақсы оқитын бір оқушы сайланады. Ол барлық жауаптың дұрыстығын тексеріп отырады. Қателескен оқушыға «сары үлестірме-сұрақ» беріледі. Жауап бере алмаған командаға гол есептеледі.
Ойынның жүру тәртібі
- •Сынып екі командаға бөлінеді.
- •Доптың суреті бар үлестірмелер арқылы деңгейлік сұрақтар таратылады.
- •Доп кімге берілсе, сол оқушы жауап береді және келесі оқушыға береді.
Мұғалім туралы
- Пәні
- География
- Мұғалім
- Қосберегенова Нұршагүл
- Тақырып
- Литосфера тақырыбы бойынша қайталау