Слайд көрсету

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі: Тіл дамыту.

Мақсаты

Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыздың маңызын ұғындыру. Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері

  • Білімдік: қойылған сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
  • Дамытушылық: ойындар арқылы сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
  • Тәрбиелеушілік: салт-дәстүрді бойларына дарыту арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс

Сергіту сәтіне, саусақ жаттығуларына және тіл ұстартуға арналған жаттығуларды алдын ала жаттату.

Сөздікпен жұмыс

Кереге Уық Шаңырақ Түндік

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

  • Слайдтар, суреттер
  • Сандық, хат
  • Ойынға қажетті заттар
  • Жүрекшелер, доп
  • Үлестірмелі топшамалар
  • Кілт және өзге көрнекіліктер

Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі

Жаңа тақырып балаларға Наурыз мейрамы туралы өлең шумақтары арқылы таныстырылады.

Тақырыпқа кіріспе

Балалар, бүгін біз күнделікті өмірде кездесетін, ата-бабаларымыз тойлаған Наурыз мейрамы туралы толығырақ білетін боламыз.

Көрнекілік: слайд көрсету.

Киіз үй және оның бөліктері

Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз киіз үйде тұрған. Киіз үй бірнеше негізгі жабдықтан тұрады: кереге, уық, шаңырақ, түндік.

Өлең шумағы (кереге туралы)

Ыңғайлы жоқ өзіндей,
Тез жиналар қаласаң.
Тор көз дәптер көзіндей —
Керілгенде қарасаң.

Оқулықпен жұмыс: Наурыз көже

Суреттегі Наурыз көженің неден жасалатынын атау. Наурыз көже дәстүрлі түрде жеті түрлі тағамнан дайындалады.

Су Тары Ас тұзы Айран Бидай Күріш Ет

Осы тағамдарды қосып, Наурыз көже дайындалады.

Ойын: «Өз ойыңды айт»

Шарты:

Тәрбиеші допты балаларға лақтырады. Допты қағып алған бала Наурыз мейрамында дайындалатын ұлттық тағамдарды атайды.

Ойын: «Ойлан, тап»

Шарты:

Әр дыбыстан басталатын сөз ойлап айту. Соңында бастапқы әріптерден құралған сөзді бір сөзбен атау: «Наурыз мейрамы».

Қайталау: сөздік жұмысы

Сабақ соңында жаңа сөздер бекітіледі:

Кереге Уық Шаңырақ Түндік