Асан қайғының жерге айтқан сыны аңызы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бөлім

«Таза, мінсіз асыл сөз» (5-сынып)

Сабақ тақырыбы

Асан қайғының жерге айтқан сыны (аңыз). «Дала данышпаны»

Пәнаралық байланыс

География

Оқу мақсаттары

  • Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

  • Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары.

Тілдік мақсат және талқылау сұрақтары

Талқылауға арналған сұрақтар

Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді?

Көріпкел абыз XXI ғасырда өмір сүрсе, қазіргі Қазақстан жеріне қандай сын айтар еді?

Пәнге қатысты сөздік қор

Топырағы асыл Шұрайлы Құмы құт Жері жусан

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды еңбек пен шығармашылыққа баулу, пікірін дәлелді айтуға және бір-бірін құрметтеуге бағыттау.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Оқушылар Асан қайғының жерге айтқан сыны туралы біледі және аңыздың мазмұнымен алдын ала таныс.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы: ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Асан қайғының Желмаяға мініп, шарлаған қазақ жерінің атаулары жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөледі.
  • Бағалау критерийлерімен таныстырады және бағалау парағын таратады.
  • Әр белсенділік үшін «Жарайсың» жазуы бар жүрекшелер береді (әр жүрекше — 1 ұпай).
  • Топтардың өзара бағалауын смайлик арқылы ұйымдастырады.

Оқушының іс-әрекеті

  • Өзен атаулары жазылған қима қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді (әр топта 5–6 оқушы).
  • Бағалау критерийлерімен танысады және топтық жұмыс ережесін келіседі.

Сабақ эпиграфы (рухтандыру)

Оқушылар шеңберге тұрып, қол ұстасып, Асан қайғының өсиетінен қысқа үзінді оқиды. Мақсат — сабақтың идеялық өзегін сезіну және ортақ көңіл күй қалыптастыру.

Сабақтың ортасы: ой қозғау және тапсырмалар

«Таңда да, таста» әдісі

Әр топқа тапсырмасы бар бір қағаз тасталады. Топ мүшелері талқылап, ортақ жауап ұсынады.

  1. Асан қайғының шын есімі қандай? Есіміне «қайғы» сөзінің тіркесу себебін түсіндір.

  2. Асан қайғының әкесі кім? Әкесі қайда мекен еткен, кәсібі қандай болған?

  3. «Асан қайғы мазары» деп аталатын Асан ата кесенесі қай жерде орналасқан?

  4. Шоқан Уәлиханов Асан қайғыға қандай атақ берген? Неліктен олай атады деп ойлайсың?

Үй тапсырмасын тексеру

Асан қайғының жерге айтқан сыны туралы оқылған материал бойынша сұрақ-жауап және қысқаша мазмұндау жүргізіледі.

«Мұражай» әдісі

Әр топқа 3 сұрағы бар жартылай берілген суретті тапсырма ұсынылады: сұрақтарға жауап беру арқылы суретті толықтырады.

Қосымша тапсырма: әр топ өз атауына сәйкес жер-су атауларын картадан тауып көрсетеді.

Бағалау критерийлері

«Жарайсың»

6–8 ұпай

«Мен сенің жұмысыңа ризамын»

4–5 ұпай

«Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің»

3 ұпай

Топтық бағалау: «Жайқалған раушан» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.

Мектеп және мұғалім туралы мәлімет

Мектеп

№35 жалпы орта білім беретін КММ

Мұғалім

Риза Құралай Еділқызы