Балауса балабақшасында өткізілгелі отырған MAMA MMIA жобасына хош келдіңіздер

Іс-шара сценарийі MAMA MMIA жобасы І кезең: «Өзім таңдаған ән»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы. Әдіскер: Шынар Мүберекова, ән жетекшісі: Перуза Алибаева.

Сахналық ескерту: Байқау өтетін зал шараға сай безендірілген. «MAMA MMIA» әуенімен бір топ қыз билеп шығады.

Кіріспе бөлім

Жүргізуші:

Армысыздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар, байқау жанкүйерлері! №9 «Балауса» балабақшасында өтетін MAMA MMIA жобасына қош келдіңіздер! Бүгін балабақшамызда ерекше байқау өтпек. Солай емес пе, Әли?

Әли:

Иә, шынымен де ерекше. Залымыз да әсем безендірілген.

Жүргізуші:

Жоқ, Әли, мен бүгінгі өткізілетін жобаның ерекшелігін айтып тұрмын.

Әли:

А-а, түсіндім, апай. Бұл жоба ерекше, өйткені байқауға аналарымыз да қатысады: олар өз қыздарына жанкүйер болады. Сондықтан байқау MAMA MMIA деп аталады.

Жүргізуші:

Дұрыс таптың, Әли. Олай болса, MAMA MMIA жобасының өнерпаздарын аналарымен бірге ортаға шақырайық!

Әли (шақыру өлеңі):

Қарсы алайық өнерпаздар қауымын,
Аналардың аялаған аруын.
Қошеметпен ашық дейміз ендеше,
MAMA MMIA жас өнерпаз байқауын!

Байқау құрылымы және әділқазылар

Жүргізуші:

Біздің байқауымыз 3 кезеңнен тұрады. Бүгінгі І кезең «Өзім таңдаған ән» деп аталады. Әділқазылар алқасын да таныстырып өтейік, Әли.

Әли:

Иә, апай, дұрыс айтасыз.

Жүргізуші:

Шалғынбаева Алтынкүл

Ауылдық кітапхана меңгерушісі

Қосмамбетов Рақымжан

Ауылдық клуб меңгерушісі

Өтепбергенов Ғабит

№100 мектептің ән-әуез жетекшісі

Қатысушыларды таныстыру

Өнерпаздар сахнаға аналарымен бірге шақырылады. Әр таныстыруда ананың еңбегі мен бала таланты айрықша аталады.

Тахмина — анасы Дана

Шәкірттерін аялап, білімі мен мейірімін аямайтын ұстаз ана Дана және ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар Тахмина ортаға шақырылады.

Әли: Тахмина анасымен.

Аяжан — анасы Ләззат

Ибалы жүзді, ниеті ізгі, өнерлі ана Ләззат және «бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын» деп келген Аяжан қошеметпен шақырылады.

Әли: Аяжан анасымен.

Ақнұр — анасы Айгүл

Жауапкершілігі жоғары, шәкірттеріне мейірімді ана Айгүл және әсем ән салып, сайыстан рахат табатын Ақнұр ортаға шақырылады.

Әли: Ақнұр анасымен.

Мерей — анасы Галя

Үлгі тұтарлық қасиеті бар ана Галя және талапты, талантты, тобының мақтанышы Мерей сахнаға шақырылады.

Әли: Мерей анасымен.

Нұрсәуле — анасы Ұлпан

Ауылымыздың балалар дәрігері, ақ халатты абзал жан — ана Ұлпан және өнерге талпынысы бар Нұрсәуле ортаға шақырылады.

Әли: Нұрсәуле анасымен.

Дильназ — әжесі Зейнегүл

Тәрбие ісінде алдына жан салмайтын, немересінің талабын айтқызбай ұғатын әже Зейнегүл және әжесін жанындай сүйетін Дильназ шақырылады.

Әли: Дильназ әжесімен.

Рауана — анасы Тоқсұлу

Айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, көңілі жарқын ана Тоқсұлу және сұлу да сымбатты Рауана ду қол шапалақпен ортаға шақырылады.

Әли: Рауана анасымен.

Жанель — әжесі Ұлмекен

Немересінің өнер жолын аша білген, аналық мейірімін молынан шаша білген әже Ұлмекен және тобының сәні Жанель шақырылады.

Әли: Жанель әжесімен.

Балауса — анасы Ұлмаржан

Жастарымыз үлгі тұтарлық қасиеті бар ана Ұлмаржан және талапты, талантты, тобының мақтанышы Балауса ортаға шақырылады.

Әли: Балауса анасымен.

Аяулым — анасы Салтанат

Ұжымға әрдайым шуақ сыйлайтын балабақша психологы Салтанат және өнерге талапты Аяулым ортаға шақырылады.

Әли: Аяулым анасымен.

Жүргізуші:

Өнер додасына үкілеген, аналардың жүрегі лүпілдеген, қыздарының тілегін тілеген абзал аналар — мінекей, сіздерсіздер! Аналарымызға бір қошемет!

Олай болса, аналарымыз жанкүйерлер орнына жайғассын. Енді өнерпаздардың өнеріне кезек берейік.

І кезең: «Өзім таңдаған ән»

Әр қатысушы сахнаға шақырылғаннан кейін әділқазылар бағалау жүргізеді.

Тахмина

«Айгөйлек»

Жүргізуші: Қожахмет Тахминаны «Айгөйлек» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Тахминаның ұпайы.

Аяжан

«Дастарханым»

Жүргізуші: Зейнелбай Аяжанды «Дастарханым» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Аяжанның ұпайы.

Мерей

«Ақ көгершін»

Жүргізуші: Қыстау Мерейді «Ақ көгершін» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Мерейдің ұпайы.

Нұрсәуле

«Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Бейбіт Нұрсәулені «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Нұрсәуленің ұпайы.

Рауана

«Айгөйлек»

Жүргізуші: Өмірзақ Рауананы «Айгөйлек» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Рауананың ұпайы.

Жанель

«Қошақан»

Жүргізуші: Асқар Жанельді «Қошақан» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Жанельдің ұпайы.

Балауса

«Балақан»

Жүргізуші: Бектібай Балаусаны «Балақан» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Балаусаның ұпайы.

Аяулым

«Көктем вальсі»

Жүргізуші: Баймұрат Аяулымды «Көктем вальсі» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Аяулымның ұпайы.

Дильназ

«Ойыншықтар»

Жүргізуші: Жалғас Дильназды «Ойыншықтар» әнімен сахнаға шақырамыз.

Әли: Әділқазылар, Дильназдың ұпайы.

Жүргізуші:

Аналар, ардақтылар, абзал жандар! Орындалсын сіздердегі ақ армандар. Өнерде өрге жүзер қыздарыңызға әрдайым қорған болатын жанкүйер болыңыздар!

Енді І кезеңде аз ұпай жинаған қатысушылардың аналарын ортаға шақырып, Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындап берулерін сұраймыз.

Ескерту: І кезеңнен аз ұпай жинаған сайыскер марапатталып, құрметпен шығарып салынады.

Қорытынды және келесі кезеңге шақыру

Жүргізуші:

Біз сіздермен қоштаспаймыз, халайық! Өнер десе, жұлдыз болып жанайық! «Халық әні» кезеңінде сайыстың осы жерден орнымызды табайық — келесі кезеңде кездескенше!

Әли:

Өнерпаз арулар, сіздерді MAMA MMIA жобасының «Халық әні» атты екінші кезеңінде күтеміз.