Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру
Сынып және тақырып
Сынып
3-сынып
Тақырып
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсаттар
- Фигураның ауданы туралы түсінік қалыптастыру.
- Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру.
- Көбейту кестесі бойынша білімдерін бекіту.
Дамытушылық және тәрбиелік мақсаттар
- Есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Логикалық ойлауды және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Таза, көркем жазуға тәрбиелеу.
Әдістер мен технология
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап.
- Қайталау сұрақтары.
- Өздік жұмыс.
- Топтық жұмыс.
- Салыстыру.
Технология
Дамыта оқыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық көңіл-күй)
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Сандарды тура табатын,
Қиын әрі қызықты —
Математика болатын!
II. Үй жұмысын тексеру
Тапсырма
№4. Есепті шығар.
Шарты
- Үлкені — 4
- Кішісі — 6
- Тең бөліп — 5 ағашқа
- Әр ағашта нешеу?
Шешуі
(4 + 6) : 5 = 2
Жауабы: әр ағашта 2 тиін.
III. Тірек білім, білік, дағдыларын тексеру (жұптық жұмыс)
Сәйкестендір: геометриялық фигураның атауын оның сипаттамасымен байланыстыр.
IV. Жаңа материалмен жұмыс
Тақтаға геометриялық фигуралар (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) ілінеді. Оқушылардан ең үлкен және ең кіші фигураларды таңдауы сұралады.
Сұрақ
Фигуралар «үлкен» немесе «кіші» деп айтқанда, біз нені салыстырамыз? Ауданды
Үлкен фигураның үстіне кіші фигураны беттестіріп қою ұсынылады. Осы тәсіл арқылы аудандарды салыстыруға болады: егер бір фигура екіншісінің ішіне толық сыйса, онда оның ауданы кіші болады.
Дәлелдеу идеясы
Көк тіктөртбұрышты қызыл тіктөртбұрыштың үстіне беттестіргенде, көк фигура қызыл фигураның ішіне сыйып кетсе — көк фигураның ауданы кіші.
Еске сақта
Беттестіру — ауданды салыстырудың көрнекі тәсілі. Ол әсіресе өлшем бірлігі енгізілмей тұрып түсіндіруге ыңғайлы.
Практикалық тапсырма (№1)
1 см — ұзындықтың бірлігі. Кесіндінің ұзындығы 6 см.
Кесіндінің ұзындығын қалай өлшейміз? Түсіндір.
- Сызғыштың «0» белгісін кесіндінің басына дәл келтіреміз.
- Кесіндінің екінші ұшы қай санға сәйкес келсе, сол — оның ұзындығы.
Негізгі ұғым
Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін оның ұзындығын енімен көбейтеміз.
Формула
S = a × b
Мұнда a — ұзындық, b — ен.
Ауданды өлшеуде жиі қолданылатын бірлік: квадрат сантиметр (см²).
Автор туралы
Жанна Манатовна Жаксымбетова
Бастауыш сынып мұғалімі
Малайсарин орта мектебі, Май ауданы, Павлодар облысы