Ана тілін тек
Сабақтың тақырыбы
Көркем табиғат және көрікті жерлер.
Оқу мақсаттары
- 6.1.1.3 — Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.
- 6.1.2.1 — Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
Бағалау критерийлері
- Ана тілінің қызметін анықтайды.
- Мәтіндегі ақпаратты есте сақтап, негізгі ойды табады.
- Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін ажыратады.
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту, тақырыпқа ену және оқу мақсаттарымен танысу кезеңі.
Миға шабуыл (жұптық жұмыс)
Жұппен талқылап, сұрақтарға жауап береді:
- Тіл неліктен құралға жатады?
- «Тіл — қарым-қатынас құралы» дегенді қалай түсінесің?
Мюнстенберг әдісі (4 топқа бөлу)
Оқушылар берілген әріп тізбектерінен сөздерді тауып, топтарға бөлінеді.
Бағдарлау
- Оқу және тілдік мақсаттармен танысады.
- Жетістік критерийлерін болжайды.
- Жетістік критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Сабақтың ортасы
Тыңдалым, мәтінмен жұмыс, негізгі ойды анықтау және дәлелмен жауап беру дағдылары.
Топтық жұмыс (1–2-тапсырма)
- Мәтінді үнтаспадан тыңдап, ақпаратты есте сақта.
- Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер.
- Айтылған ойдың мағынасын түсініп, керекті сөздерді тауып, көп нүктенің орнына қой.
Керекті сөздер
қиыны, күрделісі, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, жаны, алғыр, өгей ұлдары, сөз, ой, жанды, қасиеті.
1. Ана тілін тек … … ғана менсінбейді, … … ғана аяққа басады. (Ғ. Мүсірепов.)
2. Тіл қаруы — …, сөз қаруы — …. Ақыл — …, … — сөз; адамның ең жоғарғы …. (Ғ. Мұстафин.)
3. Тіл — ұлттың …. Тіл — идеяның, сезімнің, ойдың, … көрінісі. (Л. Толстой.)
4. Өз тіліңді … … тұрып, … — … сүйе алмайсың. (К. Паустовский.)
5. Сөз өнері — өнер атаулының ең … да …. (О. Бальзак.)
Назар аударатын тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді толықтыр.
Мұғалім туралы
- Мұғалім
- Аймбетова Г. Б.
- Материал
- «Көркем табиғат және көрікті жерлер» (жүктеу).