Абай әндері

Сабақтың тақырыбы

«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» — Абай Құнанбаев (1845–1904).

Бұл мәтінде Абайдың өмірі, отбасы, білімі, шығармашылығы және ұлт мәдениетіндегі орны қысқаша баяндалады.

Абайдың есімі және отбасылық ортасы

Азан шақырып қойған аты

Абайдың азан шақырып қойған аты — Ибраһим. Әжесі Зере сүйікті немересін «Абай», яғни «сүйкімді» деп еркелеткен. Содан бері ел ішінде шын аты сирек аталып, Абай есімі орнығады.

Әкесі — Құнанбай

Абайдың әкесі — Құнанбай Өскенбайұлы (1802–1881). Ол халық арасында беделді, абыройлы, әділ би болған. Ел ішінде «қажы» атанған. Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.

Әжесі мен анасы — тәрбиенің өзегі

Әжесі Зере — Абайға халық қазынасынан нәр берген, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге жетелеген үлкен тәлімгер. Анасы Ұлжан — ұстамды, мейірімі мен ақылы мол, парасатты адам болған.

Зере әже айтқан ертегі және рухани әлем

Зере әже — көңілі кең, жүрегі нәзік жан. Абай әжесін қатты жақсы көрген: күндіз де, түнде де ертегі айтқызады. Ол әңгіме сұрауын көбіне мынадай жолдармен бастайтын:

«Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?»

Осылайша ертегі мен өнеге тыңдап өскен Абайдың дүниетанымы ерте қалыптасты: адамгершілік, білімге құштарлық, ой тереңдігі оның болашақтағы ақындық әрі ағартушылық жолына негіз болды.

Қоғамдық іске араласуы

Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласа жүріп, кез келген мәселенің мәнін байыппен түсініп, шешімге бейбіт жолмен келуді жоғары қойған.

Білімі және әлем әдебиетімен танысуы

Семейдегі оқу

Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түсіп, үш жыл оқиды. Медреседе жүріп үш айдай орыс мектебінен де дәріс алады.

Тіл үйренуі

Абай араб, түрік, парсы тілдерін меңгереді. Бұл оның шығыс әдебиетімен жақын танысуына жол ашады.

Орыс әдебиеті

Абай Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов еңбектерімен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтов шығармаларын сүйіп оқыған.

Аударма және ән

Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасынан үзінділерді қазақ тіліне аударып, «Татьянаның хаты» атты ән де шығарған.

Өнерге жақындығы: күй мен ән

Абай Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты өнерпаздардың маржан мұраларынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Оның жан дүниесі ән мен өнерге жақын болды.

Абай күйлері

  • «Торы жорға»
  • «Май түні»
  • «Абай желдірмесі»

Абай әндері

  • «Көзімнің қарасы»
  • «Айттым, сәлем, Қаламқас»
  • «Сегіз аяқ»
  • «Қор болды жаным»

Өлеңдері және балаларға арналған туындылар

Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығара бастаған. Балаларға арналған және тәрбиелік мәні зор өлеңдерінің қатарына төмендегілер жатады:

  • «Адам болам десеңіз»
  • «Әсемпаз болма әрнеге»
  • «Жазғытұрым»
  • «Күз»
  • «Қыс»

Қорытынды

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқының рухани байлығын көрсетеміз. Осы ойды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына пікіріне сүйене қорытындылауға болады:

«Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».

Орындаған: Хавасханова Мукаддам