Қышқыл қалдығының валеттілігін, қышқылдардың формулаларын құрастыра білу

Химия, 8-сынып

Бұл сабақ қышқылдардың құрамы мен алыну жолдарын түсіндіруге, сондай-ақ «қышқыл» және «индикатор» ұғымдарын жүйелі түрде меңгертуге бағытталған.

Сабақтың тақырыбы

Қышқылдардың құрамы, алыну жолдары

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды «қышқыл» және «индикатор» ұғымдарымен, қышқылдардың алыну әдістерімен таныстыру.
  • Қышқыл қалдығының валенттілігін анықтай білу және қышқылдардың формулаларын құрастыру дағдысын қалыптастыру.
  • Қышқылдардың формулалары мен атауларын дұрыс жазуға және қолдануға үйрету.

Оқытудың нәтижелері

Білімділік
Қышқылдарға сипаттама беру.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке, білім деңгейін өзі бағалауға және әділ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Сұрақ-жауап және есеп шығару арқылы логикалық ойлауды дамыту, ой-өрісті кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Көрнекіліктер

Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы және басқа да қышқылдар; мырыш, магний; сызбанұсқалар мен кестелер.

H2SO4 HCl H3PO4 HNO3 Zn Mg

Тірек білім мен біліктер

  • Валенттілік ұғымын меңгеру.
  • Қышқыл, оксид, қышқыл қалдығы және қышқыл қалдығының валенттілігі туралы білім.
  • Валенттілікке сүйеніп тұздардың формуласын жаза білу.
  • Негізгі қышқылдарды атай білу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсатымен қысқаша таныстыру, жұмыс ережелерін еске салу.

II. Үй тапсырмасын тексеру және қызығушылықты ояту

Сабақты әңгімелесу түрінде жүргізуге болады. Мұғалім төмендегі сұрақтар арқылы алдыңғы білімді белсендіреді:

  1. Сендерге қандай жай заттар белгілі?
  2. Қандай күрделі заттармен таныстыңдар?
  3. Төмендегі заттар қандай кластарға жатады? (Формулаларды мұғалім тақтаға жазады.)

III. Бекітуге арналған тапсырмалар (сутегінің қасиеттерін қайталау)

Тапсырма 1

Берілген заттардың қайсысымен сутегі әрекеттеседі? Реакция теңдеуін жазыңдар және реакцияның типін анықтаңдар.

Тапсырма 2

Екі газ — A және B — берілген. A газы B газында жанғанда бу түзіледі; оны суытқанда түссіз сұйыққа айналады. Дәл осындай құбылыс A газын қыздырылған мыс(II) оксиді арқылы өткізгенде де байқалады. A және B газдарын анықтаңдар, құбылысты түсіндіріңдер және реакция теңдеулерін жазыңдар.

Жаңа сабақ: қышқылдардың құрамы және қышқыл қалдығы

Мұғалім тақтаға қышқылдардың формулаларын жазады:

HCl H2S H2SO4 HNO3

Бағдарлаушы сұрақтар

  • Бұл заттарды оксидтерге жатқызуға бола ма?
  • Осы қышқылдардың құрамындағы ортақ белгі қандай?

Негізгі идея

Қышқыл қалдығы ұғымын түсіну үшін сутегінің бөліну реакциясын еске түсіреміз: металл қышқыл құрамындағы сутегін ығыстырып шығарады, ал нәтижесінде тұз түзіледі.

Мысал: мырыш пен тұз қышқылы

Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде сутегі газы бөлінеді. Неліктен? Бұл жерде металл қышқыл құрамындағы сутегіні ығыстырады.

Реакция теңдеуі

Zn + 2HCl → ZnCl2 + H2

Оқушылар шығаратын қорытынды

Металл қышқыл құрамындағы сутегіні ығыстырып шығарады да, тұз түзеді.

Тұздың құрамы

Тұздың құрамына металл және қышқыл қалдығы кіреді.