Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері

Сабақтың тақырыбы

Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді

Оқу мақсаты

5.2.2.1 — археологиялық ескерткіштерді сипаттау

Бағалау критерийлері

  • Алғашқы адамдардың сенім-нанымдарын сипаттап, мини-эссе жазады.
  • Суретті хат жазады (шарты: сөз қолданбай, мағынаны суреттер арқылы жеткізу).

Сабақ мақсаттары

Оқушы деңгейіне қарай күтілетін нәтиже нақты айқындалады.

Барлығы

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы алғашқы адамдардың наным-сенімдері туралы түсінеді.

Басым көпшілігі

Берілген ақпаратты пайдаланып, шағын әңгіме құрастырады.

Кейбіреуі

Дереккөздерді талдау арқылы наным-сенімдердің (тотемизм, анимизм және т.б.) пайда болу себеп-салдарын анықтап, талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Негізгі ұғымдарды дұрыс қолдану, пікірді нақты жеткізу, дәлел келтіру.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Ру алғашқы қауым тобыр аналық ру аталық ру абыздар анимизм тотемизм фетишизм магия өнер петроглифтер гравюра пиктография археология терімшілік аңшылық балық аулау мал шаруашылығы теселі егіншілік еңбек бөлінісі өнімді еңбек жеке меншік өндіруші шаруашылық қолөнер кен өндірісі тоқымашылық керамика көзе

Диалог және жазылымға арналған тілдік бірліктер

  • Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...
  • Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері...
  • Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды...
  • Ежелгі адамдар өмірінде болған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті...
  • Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі мен дүниетанымы туралы келесі ақпарат береді...
  • Біздің анықтағанымыз...
  • Қорытындысында...

Құндылықтарға баулу

Ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысы туралы талқылау барысында ынтымақтастық пен ашықтық құндылықтары қалыптастырылады.

Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы білім

Оқушылар ежелгі адамдардың алғашқы өмірі, тұрмыс-тіршілігі және кәсібі туралы біледі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштермен танысу арқылы адамның эволюциясы, бастапқы діни-нанымдары, бірлесу формалары және еңбек құралдарының жетілу кезеңдері туралы білімін толықтырады.

Сабақтың құрылымы

Сабақ барысында оқушылар петроглифтерді дереккөз ретінде қарап, олар арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен дүниетанымын талдайды.

Сабақтың басы: ой қозғау

Тамғалы тас туралы деректі бейнематериалдан үзінді көрсетіледі.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Алғашқы адамдар бұл суреттерді неліктен салды деп ойлайсыздар?
  • Олар қандай ойды білдіргісі келді?

Осы сұрақтар негізінде бүкіл сыныптық талқылау ұйымдастырылады.

Сабақтың ортасы: «Сократ шеңбері»

Оқушылар мәтіндер мен суреттер топтамасы арқылы ескерткіштерді салыстыра зерттейді.

Зерттеу материалдары

  • Таңбалы, Ешкіөлмес, Жасыбай ескерткіштері туралы шағын мәтіндер
  • Осы ескерткіштерге қатысты петроглиф суреттерінің топтамасы

Зерттеу критерийлері

  1. Петроглифтерде бейнеленген жануарлар мен өзге нысандардың тізімін жасайды.
  2. Бейнеленген көріністерді жазбаша сипаттайды.
  3. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды.

Тереңдететін сұрақтар

Қандай жануарлар көптеп салынған? Бұл неге байланысты? Қандай қорытынды жасауға болады?

Бейнеленген көріністер сол дәуірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі туралы қандай ақпарат беруі мүмкін?

Петроглифтерді зерттеу арқылы олардың наным-сенімі мен дүниетанымы туралы қандай нәтиже шығаруға болады?

Венн диаграммасы

Өз зерттеулерінің негізінде Қаратау, Таңбалы, Ешкіөлмес және Жасыбай ескерткіштерінен табылған петроглифтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

«Микрофон» әдісі

Әр оқушы өзін петроглифтерді зерттеуші маман ретінде таныстырып, таңдаған петроглифінің «құпиясын» түсіндіреді: қандай белгі, қандай көрініс, қандай идея берілгенін негіздейді.

Жеке ізденіс

Оқушылар өздеріне ұнаған петроглифті таңдап, ол туралы барынша көп ақпарат іздейді және оның құндылығын сынып алдында дәлелдейді.

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

Суретті хат жазыңыз. Шарты: сөз қолданбай, мағынаны тек суреттер арқылы жеткізу.

Кері байланыс

  • Маған ұнады: …
  • Мен тілеймін: …
  • Маған қиын болды: …

Мәлімет

Аймақ

Ұлан ауданы, Каменка ауылы

Мектеп

Каменка орта мектебі КММ

Мұғалім

Ерсаинова А.С.