Дизайнер - суретші деген кім

Тақырып

Дизайнер–суретші деген кім?

Мақсаты

Оқушыларды дизайнер–суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, қарапайым құралдар арқылы тиімді тәсілдерді қолдануға үйрету және ұқыптылыққа баулу.

Білімділік

Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Дамытушылық

Дизайнер–суретші ретінде жұмыс жасауға бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік

Ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа және жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту.

Күтілетін нәтиже

  • Тіл байлығы мен сөздік қоры молаяды.
  • Шығармашылық қабілеттері артады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Суреттер сөйлейді» Миға шабуыл Постер қорғау Сергіту сәті

Көрнекілігі

  • Маркерлер
  • Плакаттар
  • Слайд
  • Стикерлер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды стикерлер арқылы үш топқа бөлу.
  • «Алтын ереже» құрудың қажеттілігін түсіндіру.
  • Психологиялық дайындық жүргізу.
  • Қызығушылықты ояту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: «Сандықша жасау».

Тапсырма №1

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы талқылау.

Жаңа сабақ

  • Бейнебаян көрсету.
  • «Дизайнер–суретші деген кім?» сұрағына жауап іздеу.
  • Мұғалімнің түсіндірмесі.

Дизайнер–суретші деген кім?

Сен кескіндемеші, график-суретші және мүсіншілердің шығармашылығымен таныстың. Бірақ суретшінің тағы бір маңызды бағыты бар — ол дизайнер–суретші.

Немен айналысады?

Дизайнер–суретшілер әртүрлі бұйымдармен жұмыс істейді: бірі ыңғайлы әрі әдемі жиһаз ойлап табады, енді бірі сәнді киімдер мен әшекейлер жасайды.

Қазіргі үрдіс

Соңғы жылдары дизайнерлер үй мен бақ кеңістігін безендірумен де белсенді айналысып келеді.

Неге маңызды?

Дизайнер күнделікті өмірге сұлулық сыйлайды: затты тек пайдалы емес, көрікті де етуге көмектеседі.

Дизайнның басты қағидалары

1-қағида

Беріктік

Зат ұзақ қызмет етіп, сынбайтын, төзімді болуы керек.

2-қағида

Қолайлылық

Пайдаланушыға ыңғайлы, қолдануға жеңіл болуы маңызды.

3-қағида

Әдемілік

Сыртқы көрінісі тартымды болып, эстетикалық әсер беруі қажет.

Мысал: қолшатыр дизайны

Қолшатыр адамды жауыннан қорғайды. Дүкеннен қолшатыр сатып аларда оның тек мықты болғанын ғана емес, сондай-ақ әдемі болғанын да қалайсың. Қолшатырдың пішінін, түсін және жалпы бейнесін дизайнер–суретші ойластырады.

Ойлан: сен таңдаған қолшатырда беріктік, қолайлылық және әдемілік қағидаларының қайсысы көбірек байқалады?

Түсіну: заттың қызметі мен түс таңдауы

Кейде суреттегі зат ойыншыққа ұқсайды. Мысалы, аққала бейнесіндегі бұйым — Жаңа жылға арналған майшам болуы мүмкін. Мұндай идеяларды да дизайнер–суретші ұсынады.

Кез келген заттың нобайын жасау кезінде бәрі маңызды: пішін, сызық, түс реңкі және олардың үйлесімі. Дизайнер–суретші пішінді ойластырып, әсерлі сызықтар мен түс реңктерін іздейді. Заттың түсі оның қандай мақсатқа арналғанына қарай таңдалады:

Балаларға арналған ойыншықтар

Айқын, қанық, түрлі түсті болуы жиі кездеседі.

Үй тұрмысына арналған бұйымдар

Көбіне басыңқы, тыныш, күңгірттеу реңктер таңдалады.

Дизайнерге суретшінің білімі мен талғамы, көрегендігі қажет. Суреттердегі заттарға назар аудар: оларда дизайнның барлық қағидалары сақталған ба?

Автор туралы мәлімет

Өңір

Атырау облысы

Аудан, елді мекен

Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

Мектеп

Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі: Баймағанбет Жансәуле Баймағанбетқызы