Балалар мына суреттерден өздеріңе таныс құстарды тауып беріңдерші

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Бұл жоспар ортаңғы топқа арналған жаратылыстану сабағында құстар туралы білімді кеңейтіп, бақылау арқылы ажырату дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Тобы

Ақорда ортаңғы тобы

Білім беру саласы

Таным

Оқу іс-әрекет түрі

Жаратылыстану

Тақырыбы

Құстар — біздің досымыз

Мақсаты

Балалардың құстар туралы түсінігін қалыптастыру; жер теліміндегі ағашқа қонған құстарды бақылау арқылы олардың түрін ажырата білуге үйрету; құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ–жауап
  • Түсіндіру

Алдын ала жұмыс

Құстардың суреттерін қарау, таныс құстарды еске түсіру.

Көрнекі құралдар

Құстардың суреттері (торғай, тоқылдақ, қарлығаш, қарға).

Билингвальды компонент

Қазақша
құстар
Орысша
птицы
Ағылшынша
bird

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Балалар бір-біріне жылы лебіз айтып, сабақты жағымды көңіл күймен бастайды.

Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауадан салайық,
Достық мейірін салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебізді
Бір-бірімізге сыйлайық.

Кейіпкердің келуі: Құсшы

Есіктен құсшы кіріп, балалармен амандасады және өз рөлін таныстырады: ол құстарды бағып-қағып, қорғаумен айналысады.

«Амансыңдар ма, балалар? Мені танисыңдар ма? Мен құстарды бағып-қағып, қорғайтын құсшымын. Маған сендердің көмектерің керек: жылы жақтан келген көптеген құстарға жем шашуға келісесіңдер ме?»

Іздену-ұйымдастырушы кезең

Кіріспе сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Ауа райында қандай өзгерістер байқалады?
  • Біздің ауладан қандай құстарды көрдіңдер?
  • Көктемде құстар қай жақтан ұшып келеді?

Суретке қарап әңгімелеу

Балаларға құстардың суреттері көрсетіліп, таныс құстарды табу және олардың ерекшеліктерін айту ұсынылады.

Шығармашылық және қимыл-қозғалыс бөлімі

Тақпақ айту

Балалар құстар туралы білетін тақпақтарын айтып, құсшы кейіпкеріне сый ретінде ұсынады.

Сергіту сәті

1, 2, 3 — қарлығаш боп ұш!
4, 5, 6 — қарлығаш боп қалқы!
7, 8, 9, 10 — қарлығаш боп қон!

Қимылды ойын: «Торғайлар мен мысық»

Мақсаты: ойын ережесін сақтап ойнауға үйрету; ойын арқылы балаларды жылдамдыққа және ұйымшылдыққа баулу.