Баяндама Желтоқсанда үзілген жауқазындар Қайран, қазақ елі

Желтоқсанда үзілген жауқазындар

Қайран, қазақ елі… Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бері қазақтың басына үйірілген қара бұлт толық сейілген жоқ. Желтоқсан оқиғасына да биыл отыз жыл толды.

Желтоқсан — 1986 жылға дейін көпшілік үшін күнтізбедегі жай ғана ай атауы болатын. Сол жылдан кейін бұл сөздің мәні де, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді. «Желтоқсан» десе, әр қазақтың көз алдына үрейлі Үкімет үйі, оны қоршай толқыған ашынған қыз-жігіттердің жігерлі келбеті, суық жүздер мен мейірімсіз пішіндер, темір сауыт кигендер мен қолында келтек ұстағандардың қарусыз жастарға қарсы шабуылы елестейді. Арсылдаған иттер, шашынан сүйреген қазақ қызы, басынан қан саулап құлаған боздақтар — бәрі де сол күндердің өшпес суреті.

Сол шақта алыстан талып естілетін мұңды да асқақ әуендер — «Желтоқсан желі», «Қара бауыр қасқалдақ» — халық жадында Желтоқсанның үніндей болып қалды.

1986 жылғы Желтоқсан — қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған әрі бақытты, әрі қасіретті күн. Оның жаңғырығы көзден кеткенімен, көңілден кетер емес. Себебі, тарихтан алар орны ерекше.

Оқиғаның басталу себебі

1986 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумында бірінші хатшылыққа қазақтың елі-жерімен, тыныс-тіршілігімен таныс емес Г. В. Колбин тағайындалып, қазақ еліне ерен еңбек сіңірген Д. Қонаевтың орнына келді. Колбин бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Қазақстанды тек картадан ғана білетінін айтқан.

Пленум басталған уақыт

10:00

Ұзақтығы

18 минут

Халық бағасы

Елмен санаспау

Асығыс қабылданған шешім халықтың көңіліне қаяу түсірді. Наразылықтың ұшқыны лаулады.

Бейбіт шерудің күшпен таратылуы

1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматының орталық алаңына шамамен 25–30 мың адам бейбіт шеруге шықты. Талап — Қазақстанды басқаратын тұлға осы елдің табиғатын, дүниетанымын, тыныс-тіршілігін білсін деген әділетті ниет еді.

Алаңға жиналғандар Қонаевтың халық алдына шығып сөйлеуін талап етті. Алайда Колбин Мәскеумен сөйлесіп, Қонаевты шерушілер алдына шығарудан бас тартып, жағдайды ушықтырды. Бейбіт жұртты бір қолында шоқпар, бір қолында қалқан ұстаған, сақадай сай қарулы жасақ қарсы алды.

Үкімет үйінде жастар шересін қуғындауға арналған астыртын жоспарлар жасалды: «Құйын-1986» және «Бұрқасын-86».

Демонстрацияны күшпен таратуға шешім қабылданды. Жастарға «ұлтшыл», «маскүнем» деген айып тағылып, саперлік күрекпен, дубинкамен ұрып-соғып, өрт сөндіру машиналарымен су бүркіп, ит қосып жан-жаққа қуды.

Алматыға тартылған қосымша күш

Фрунзе

100

Ташкент

300

Челябі

203

Новосибирск

203

Свердловск

225

Тбилиси

450

Арнайы дайындықтан өткен әскерлер қарусыз жастарға қарсы қойылды: құлағандарды аяқтан сүйреп, автобусқа тиеп, қар басқан ашық далаларға және қоқыс төгетін жерлерге алып кеткені туралы деректер айтылады.

Қуғын-сүргін және ресми баға

Ұсталғандар туралы дерек

  • 2281 адам тұтқындалды
  • Оның ішінде: 873 студент
  • 1171 жұмысшы мен қызметкер
  • 39 жұмыссыз жас
  • 23 КОКП мүшесі
  • 1194 комсомол мүшесі

270 студент «көтеріліске қатысты» деген желеумен оқудан шығарылды. Еліміздің әр аймағынан 107 адам сотталды.

1986 жылғы 19–25 желтоқсанда Қазақстанның өзге өңірлерінде де толқулар болды. Оларға шамамен 2500-дей адам қатысып, 281 адам ұсталғаны айтылады.

Бейресми мәліметтер бойынша, Желтоқсан көтерілісінде 168 адам қаза тапқан. 1987 жылдың жазында КОКП Орталық Комитетінің қаулысы шығып, Желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағаланды.

Бұл көтерілісте есімі ел аузында қалған, тарихта аты аталатын өрімдей жастар — Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжұмабаев секілді жас буын жалған айыптың құрбаны болды.

Ұлттың ар-намысы таразыға түскен сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы тұрған жастардың ерлігі — ұрпаққа үлгі.

«Жауқазын» метафорасы

Жауқазын — ерте көктемде қар астынан қылтиып шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, ол тез солып қалады. Желтоқсан құрбандарының қысқа ғұмыры да осы жауқазындай — қыстың ызғарында үзіліп кеткен өмірлер.