Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу

Павлодар қаласы • №19 жалпы орта білім беру мектебі

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Каденова Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы

С. Мұратбеков — «Қылау»

Сабақтың мақсаты

  • Сайын Мұратбеков туралы мәлімет беру.
  • Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту; шығарманы оқып-үйретудің әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, талдай білуге баулу.
  • Теориялық білімді практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденіске ынталандыру.
  • Адам бойындағы асыл қасиеттерді танып білуге, достықты және адамдар арасындағы қарым-қатынасты бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

АКТ СТО ЖЕ ТДО КБ ОүБОБ ОЖТ

Күтілетін нәтиже

Оқушылар көркем шығарманың тілдік ерекшеліктерімен, кейіпкерлер әлемімен танысып, мәтінді талдауға дағдыланады.

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Топқа бөлу және сәттілік тілеу: достық тақырыбындағы мақал-мәтелдер «мозайкасы» арқылы топтастыру.

Білу

Слайд арқылы жаңа тақырыпқа шығу: «Балалар, бүгінгі тақырыбымыз қандай? Мақсатымыз не?»

Түсіну

Топтастыру жұмысын орындау.

Қолдану

  • Электронды оқулықтан үзіндіні тыңдау.
  • Сергіту сәті: оқушылармен бірге қысқа жаттығулар жасау.

Талдау

Достық — теңдік, өзара ұғынысу және құрмет.

Аристотель

«Қылау» әңгімесінде балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті арқылы адамдық, сезімталдық, бауырмалдылық қасиеттер көркем суреттеледі.

Сайын шығармаларының басты тақырыбы — адамгершілік пен жан дүниесінің сұлулығы.

Сағат Әшімбаев

Негізгі ұғымдар

«Қылау» (қар)

Себелеп, ұшқындап түсетін жұқалаң ұлпа қар.

«Қылау» (мұз қабығы)

Ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі заттардың бетіне, ағаш бұтақтарына қататын мұз қабығы.

Жинақтау

«Бес жолды өлең» стратегиясы: Өмір. Сайын Мұратбеков.

Үй тапсырмасы

Үзіндіні толық оқып келу.

Бағалау

  • Бағалау критерийлерін ұсыну.
  • Формативті бағалау жүргізу.

Рефлексия

«Ақылды доп» стратегиясы арқылы оқушылар алған білімін жинақтап, қорытынды жасайды.