Кейбіреу көтере алмай жүрсе кенін, Кейіген сағатында тілейді өлім

Ахмет Байтұрсынов

Орманнан бір шал қайтты отын алып,
Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып.
Отынын жерге қойып, біразырақ
Қисайып жатты байғұс ойға қалып:
Мен сорлы өрі кәрі, әрі жарлы,
Асырау оңай емес үйлі жанды.
Қартайдым, жалданарға қайратым жоқ,
Бермеді тұтынарлық Құдай малды.
Бұл маған не қылғаның, Жаратқаным,
Бір шалға үйлі жанды қаратқаның?
Төлермін салық ақша қайдан тауып,
Қажетім бірін сай ғып жаратпадың?
Не жаздым құтқармастай бұл бейнеттен,
Күнің жоқ тілегімді қабыл еткен.
Біреу кеш, біреу ерте өліп жатыр,
Келмей ме маған Ажал, қайда кеткен?
Мұны естіп, Ажал шалға жетіп келді:
Шақырдың жаңа неге, - деді, - мені?
Ажалды көрген шақта зәресі ұшып,
Шал байғұс сасқанынан былай деді:
Жарайды, бәрекелді, қош келдің сен,
Өзім аш әрі кәрі, қуатым кем.
Отырмын отынымды көтере алмай,
Арқалатып жібер деп шақырып ем .

* * *
Шал болсын жасы жетіп, жеңген қарттық,
Я жүрген жоқшылықтың зарын тартып,
Сау жер жоқ ағзасында ауру да
Өлімнен тірілікті керген артық.
Кейбіреу көтере алмай жүрсе кенін,
Кейіген сағатында тілейді өлім.
Болады надандықпен зор күнәһар,
Ісінің Құдіреттің білмей жөнін.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

Алланың өзі де рас, сөзі де рас...
ХІХ ғасыр әдебиетінің майталман ақыны Базар Оңдасынұлы.
Жыр отымен бірге жанып өмірден өткен ақын
Жедел ми-қан айналымының бұзылуы кезінде алғашқы медициналық көмек
Ұлпан - тарихи бейне
Ораза ғибадаты
Дулат Исабеков
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
Қазақ тарихы романдарындағы әйел бейнесі
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытудың әдiстемесі
Дыбыс үндестігі арқылы орыс бөлімі студенттерін қазақша сөйлеуге үйрету әдістемесі
Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімі туралы ереже
азіргі кезде компьютерлік математика өте маңызды және де информатика мен математикада ғылыми бағыт ретінде кеңінен даму үстінде
АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАМАНДЫҚТАРДА «МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ» БӨЛІМІН МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Дермополимиозит
Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы туралы
Өндірістік бөлімшенің жалпы құрамы