Қазақ тілі 7 сынып

7-сынып қазақ тілі сабағы

Тақырып

Саяхатқа шығу

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Тіл дамыту

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тақырып бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмысына назар аударту.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты бірізді баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Тапсырма орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін жетілдіру.
  • Ой-өрісті, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорды байыту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа баулу.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
  3. 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау

Берілген сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру:

салқын тағамдар ұнайды тәтті тағамдар сүт өнімдері сусындар тамақтану

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

1) Оқылым

Диалогті жұппен (өзара) оқу.

2) Жазылым

2-тапсырмадағы мақал-мәтелдерді оқу, мағынасын түсіну және көркем жазумен дәптерге көшіру.

Күш жақсы, күштен іс жақсы.
Өнерпаздың он қолы бар.
Ерінбеген етікші болады.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.
Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес.

3) Грамматика

Еріндік дауысты дыбыстар ғана кездесетін сөздерді жазу.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Төмендегі сөйлемдерді пайдаланып мәтін құрастыру.

  • Маған (бізге) Қазақстан бойынша туристік маршруттардың сызбасы керек.

  • Мен (біз) турбазаға орналасайын (орналасайық) деп едім (едік).

  • Біз қаланы (ауылды, мұражайды, көрікті жерлерді) аралап көргіміз келеді.

  • Менің (біздің) тауға саяхатқа барғым (барғымыз) келеді.

  • Біз саяхат жоспарын жасап қойдық.

  • Қажетті жабдықтарды алдым (алдық).

  • Тарихи жерлерді араладым (араладық).

V. Сабақты қорыту

Пысықтау сұрақтарына жауап беру:

  • Сен демалыста саяхатқа шығасың ба?
  • Саяхатқа қайда барасыңдар?
  • Саяхатқа шығудың пайдасы неде?

VI. Үй тапсырмасы

«Саяхатқа шығу» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.

VII. Бағалау

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау.