Қайқаус деген кім

Сабақтың тақырыбы

Ата-ананы құрметтеу туралы. «Қабуснама», Қайқаус.

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту

Ұйымдастыру түрі

Дамыта оқыту, іздену, зерттеу

Көрнекілігі

Нақыл сөздер, бейнеролик, тақырыпқа сай слайдтар

Сабақтың мақсаттары

Білімдік мақсат

  • Мәтінді оқу, талдау, негізгі ойды ашу.
  • Оқушылардың ата-анаға құрметі мен қамқорлық сезімін арттыру.
  • Ішкі сезім мен тебіреністі ояту.

Дамытушылық мақсат

  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
  • Қисынды ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Білімге қызығушылықты, жанашырлық пен қамқорлықты күшейту.

Тәрбиелік мақсат

  • Әке-шешені, бауырларды қадірлеуге, құрбыларды сыйлауға үйрету.
  • Мейірімділікке, парасаттылыққа, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Әдістері

Сұрақ-жауап Іздендіру Өзіндік жұмыс Талдау Пікірлесу Ой толғаныс Проблемалық оқыту

Сабақтың құрылымы: мақалдар желісі

  1. 1

    Жеті атасын білген ұл — жеті жұрттың қамын жер.

    Өткен сабақты пысықтау.

  2. 2

    Атадан — өсиет.

    Жаңа сабаққа кіріспе.

  3. 3

    Қарттарым — қазынам.

    Бейнешолу арқылы ой қозғау.

  4. 4

    Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

    Ой-тұжырым, қорытынды пікір.

Үй тапсырмасын тексеру

Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша мазмұндау және талқылау.

1-сұрақ

Б. Момышұлы бала кезінде қандай болды?

2-сұрақ

Б. Момышұлы ержеткен кезінде қандай болды?

3-сұрақ

Б. Момышұлы кім? Ол туралы не білесіңдер?

Ой қорыту: жұмбақтар

Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам. Әкесі ол көкеңнің, білер оны сұраған. Ол кім?

Жауабы: ата.

Өте мейірімді, ақ шашты. Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Ол кім?

Жауабы: әже.

«Бала, бала, бала» деп, түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған. Ол кім?

Жауабы: ана.

Ол — асқар тау. Отбасының қорғаушысы, асыраушысы. Ол кім?

Жауабы: әке.

Қорытынды сұрақ

Бұлардың барлығы нені құрайды?

Жауабы: отбасы. Отбасындағы ұл-қыз ең алдымен ата-ананы құрметтеуі керек.

Жаңа сабақ: «Қабуснама» және Қайқаус

Оқушы сұрақтары

  • «Қабуснама» деген не?
  • Қайқаус деген кім?

«Қабуснама» туралы

«Қабуснама» — 1082–1083 жылдары парсы тілінде жазылған, педагогикалық мәні зор туынды. Кітапта адамның дүниеге келген сәтінен бастап өмірінің соңына дейінгі дұрыс өмір сүру жолдары баяндалады.

Қайқаус туралы

Бұл еңбектің авторы — Кайқаус. Ол Каспий теңізінің оңтүстігінде мекендеген Гилан өңіріндегі ұсақ феодал отбасында 1021–1022 жылдары дүниеге келген. Қайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өз ұлы Гиланшахқа арнап жазған.

Автордың ойы: «Менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл заттарым — саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым».

Қайқаус өз заманында білімдар, табиғаттану мен музыкаға құштар тұлға болған. Еңбек көптеген тілдерге аударылған: түрік, ұйғыр, неміс, өзбек, француз, орыс, ағылшын, қазақ, татар және т.б. Өзбек тілінен қазақ тіліне аударған — Тұрсынәлі Айнабеков.

Оқулықпен жұмыс

  • Электронды оқулықтан мәтін желісін тыңдау.
  • Оқулықтан ілесе оқу және белгілеу.
  • Оқып болған соң — талдау және пікір алмасу.

Сөздік жұмысы

Перзент
бала
Парасат
сана, ақыл-ой
Қаяу
реніш

Мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу

  1. Ата-ананы құрметтеу.
  2. Ата-анаңды ешқашан ренжітпеу.
  3. Ата-анаңа не істесең, перзентің де саған соны жасайтыны.

Ой қозғау

Мәтіндегі ойлармен үндес қандай шығармалармен таныстыңдар? Қай тұста ұқсастық байқадыңдар?

Бейнеролик және ой толғаныс

Талқылау сұрағы: «Сен ата-анаңды қалай құрметтейсің?»

Оқушылар өз ойларын айтады, мысал келтіреді, өмірлік тәжірибесімен байланыстырады.

Шығармашылық тапсырмалар

Мақал-мәтел айту

Ата-ана, бала, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіру.

Сәйкестендіру

Анаға қарап қыз өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Ата — бәйтерек

Бала — жапырақ

Атаңа не істесең

Алдыңа сол келер

Теңеу сөздер (жазба жұмысы)

«Ата-анаңды неге теңейсің?» тақырыбында теңеу сөздер жазу.

Аяулы анам…

Қадірлі әкем…

Әлпештеген әжем…

Еркелеткен атам…

Қорытынды

Негізгі ой

Ата-ананы құрметтеу — тек әдеп емес, өмірлік жауапкершілік. Ата-анаға мейірім көрсеткен адам өз болашағына да ізгілік дәнін егеді: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».

Үйге тапсырма

  • Мәтінді оқу.
  • «Менің отбасым» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Бағалау

Оқушылардың мәтінді түсінуі, пікір айтуы, тапсырмаларды орындауы және белсенділігі бойынша бағаланады.