Өгіз бен бақа мысалының мазмұнына байланысты мақал - мәтелдер жазу
Сынып: 5 • Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы
А. Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» және «Егіннің бастары» мысалдары
Оқулық туралы мәлімет
- Авторлары
- Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай
- Баспа
- Алматы, «Атамұра», 2005
Сабақтың мақсаты
- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен танысу.
- Мысалдардың мазмұнын меңгеріп, талдау жасау.
- Тәрбиелік мәнін анықтап, өмірмен байланыстыру.
Міндеттер
1) Мазмұнға байланысты
Мысалдарды оқи отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді, ойды өмірмен байланыстырады.
2) Сыни ойлауды дамыту
Ойталқыға қатысып, өзара пікір алмасады; іс-әрекеттерді талдайды.
3) Топтық жұмыс
Өз ойын дәлелдеп қорғауға, бірін-бірі тыңдауға үйренеді; сыйластық пен достық сезімдері нығаяды.
Сабақ форматы
- Сабақ түрі
- Жаңа оқу материалын оқып-үйрену
- Бағалау
- Ойды еркін әрі анық жеткізу қабілетіне қарай
- Әдіс-тәсілдер
- ДЖИГСО-1 Бір айналым сөйлесу Галереяны шарлау Еркін жазу
- Көрнекілік
- Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған презентация және суреттер топтамасы
Сабақтың құрылымы
Қызығушылықты ояту
- Оқушылар екі топқа бөлінеді.
- Ой қозғау: Ахмет Байтұрсынұлы туралы бейнеүзінді көрсетіліп, мазмұны өмірі мен шығармашылығына арналатыны талқыланады.
- Галереяны шарлау: сыныпта арнайы бұрыш ұйымдастырылып, топтар өздеріне беймәлім деректерді жазып алады және бір-біріне таныстырады. (Уақыт беріледі; әр топтан 2 оқушы шығып, жұмыстарын қорғайды.)
- Таңдаған мысалдың мазмұны бойынша қысқа көрініс көрсетеді.
Мағынаны тану
- Оқушылар айтқан деректерді толықтыру үшін слайд материалдары көрсетіледі.
- ДЖИГСО-1: екі топқа мысал мәтіндері таратылады. Топ мүшелері бір-бірінің ойын жалғап, пікір алмасу арқылы мазмұнды толықтырады.
I топ
«Өгіз бен бақа»
II топ
«Егіннің бастары»
Шығармашылық жұмыс
I топ
Мысал өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстырып, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Үзінді
Күнәсін күндегеннің жаман қатты, Күндей ме біреуге Алла берген бақты?! Өгізді күндеп, сондай боламын деп, Көлбақа одан қанша пайда тапты?! Әуелде Құдай өлшеп берген дене, Қаншама зарланғанмен артылмапты.
Нақыл сөз
«Әлін білмес — әлек».
II топ
«Егіннің бастары» мысалының мазмұны бойынша сурет салады.
Еркін жазу
I топ
«Егіннің бастары» мысалы бойынша бір шумақ өлең немесе шағын әңгіме жазады.
II топ
«Өгіз бен бақа» мысалының мазмұнына сай мақал-мәтелдер жазады.
Ой толғаныс
Бір айналым сөйлесу
- Бүгінгі сабақта не үйрендік, нені білдік?
- Шығармалардың тәрбиелік мәні қандай?
Топ мүшелері ойларын бірлесіп қағазға түсіріп, топ атынан бір оқушы қорғайды.
Үй тапсырмасы
- Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері туралы қосымша деректер жинау.
- «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарын мәнерлеп оқу және ұнаған мысал бойынша көрініс дайындау.
Бағалау
Оқушылар сабақ бөлімдері бойынша бағаланады. Белсенді қатысқан топ мүшелері мадақталады.