Жаны ашу
Сабақ тақырыбы
Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі (8-сынып).
Білімділік
Поэманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін таныту; кейіпкерлер бейнесін жан-жақты ашу.
Дамытушылық
Мәнерлеп оқу және талдау арқылы сөйлеу мәдениетін, ойдың жүйелілігін дамыту.
Тәрбиелік
Шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар істей алады
Берілген материалдардың мағынасын түсінеді және саралай алады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады
Өз пікірін еркін білдіреді және негізгі идея бойынша пікір алмаса алады.
Кейбір оқушылар істей алады
Шығарма кейіпкерлерінің әрекеттеріне қатысты көзқарасын дәлелді түрде білдіре алады.
Алдыңғы білім
- Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы білімін толықтырды.
- «Қалқаман – Мамыр» поэмасының мазмұнын меңгерді.
Сабақ форматы мен ресурстар
Сабақ түрі
Шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі
Слайд, конверт, кіру билеттері, стикер, кубик, сөмке.
Күтілетін нәтиже
- Тірек сөздерді дәл табады және оларды орынды қолданады.
- Тақырып аясында еркін сөйлеп, өз пікірін айта алады.
- Сөздік қоры бай, ойын анық әрі жүйелі жеткізеді.
- Оқиға мазмұнын өмірмен байланыстырып, тыңдаған мәтіндер бойынша ұсыныс пен қорытынды жасайды.
Сабақ барысы
Басы
- Оқушылармен амандасу.
- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Starter
Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау, жаңа тақырыппен байланыстыру және қызығушылық ояту үшін «Кіру билеті» стратегиясы қолданылады. Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар беріледі.
Қызыл түс
I топ
Көк түс
II топ
Сары түс
III топ
Ортасы (Даму)
Кейіпкер дегеніміз не?
Көркем шығармада жан-жақты, толық суреттелетін негізгі тұлға.
Мінездеме деген не?
Шығармаға қатысушының мінезін, дүниетанымын, көзқарасын сипаттап суреттеу.
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары хабарланады. Негізгі тапсырма — шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.
I топ
Қалқаман мен Мамырға мінездеме беріңіздер.
II топ
Әнет баба мен Көкенайға мінездеме беріңіздер.
III топ
Поэмадағы салт-дәстүрлерді анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырыңыздар.
Белсенді әдіс: «Кубизм» стратегиясы
Оқушылардың түсіну деңгейін бақылау және қызығушылығын байқау үшін төмендегі қырлар бойынша жұмыс жүргізіледі:
- Елестету: Кейіпкердің портретін көз алдыңа келтір.
- Сүйсіну: Қай кейіпкердің қандай іс-әрекетіне сүйсіндің?
- Жек көру: Қай кейіпкердің қандай әрекеті ұнамады?
- Жаны ашу: Қай тұста жаның ашыды? Неліктен?
- Өкініш: Өкініш сезімі қашан пайда болды?
- Таңғалу: Таңғалып, риза болған сәтің қайсы?
Қорытынды
Мұғалімнің қорытынды сөзі сабақтың өзегін айқындайды:
Ата салтын аттауға да болмас,
Жүрек қалауын тастауға да болмас.